Fake News

Фейк: «ДДСҰ басшысы вакциналар балаларды өлтіреді деп мәлімдеді»

Қазақстандықтар мессенджерлерде ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесустың сөйлеген сөзінің видеосынан үзінді таратуда, онда ол COVID-19-ға қарсы вакциналар балаларды өлтіреді деп болжаған. Шын мәнінде, бұл сөз контекстен үзіп алынған.

Алдымен, ағылшын тілі ДДСҰ басшысының ана тілі емес екенін атап өткеніміз жөн. Яғни, сөйлеген кезде оның қателіктер жіберуі әбден мүмкін.
Балаларды «өлтіру» туралы айтылған жаңылыс сөзге қатысты BBC басылымында түсіндірме берілді. Мақалада Тедрос Гебрейесус Children (балалар – ағылш.) сөзінің бірінші буынын дұрыс айтпағаны жазылған. Ағылшын тілінде C әрпі айналасындағы әріптерге байланысты екі түрлі дыбыс береді: [C] және [K]. Нақты Children сөзінде C әрпі [Ч] дыбысын беретін CH әріптерінің жұбын құрайды. Тедрос Гебрейесус үшін бұл дыбысты айту қиын болды. ол әуелден children сөзін «килдрен» деп айта бастады, бірақ бірден сөзін түзетіп, «чилдрен» деді, бұл «килдрен» (балаларды өлтіру – ағылшын.) деп естілді.

ДДСҰ баспасөз хатшысы хабарлағандай, бұл жаңылыс айтылған сөзді басқаша түсіндіру «100% қате» болып табылады.
Демек, ДДСҰ басшысының COVID-19 қарсы вакциналармен балаларды өлтіру туралы мәлімдемесі жалған және манипулятивті сипатқа ие.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button