Fake News

Әлеуметтік желілерде «термиттер жеген теңге» туралы фейк таратылуда

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бас қоймасында 2 триллион теңге мөлшеріндегі ұлттық валюта купюраларының жаңа шығарылымы жоғалып кеткені» туралы хабарлама таратылуда. Бұл фейк.


Бұл пост @qazinform24 сатиралық аккаунтында жарияланды. Онда ойдан шығарылған жаңалықтар мен шынайы емес хабарламалар жарияланады. Бұл туралы парақшаның профилінде жазылған: «Сатиралық контент. Фейк-ньюс».


Желі қолданушылары сатиралық парақшадағы жарияланымдарды бұған дейін де шынайы ақпарат ретінде ұсынған. Біз ұқсас жағдайлар туралы жазған болатынбыз.
Ақпарат көздеріне мұқият болуға шақырамыз. Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button