Fake News

Фейк: «Желіде КСРО-ның әлі де бар екендігіне дәлелдер табылды»

Қастандық теорияларын жақтаушылар КСРО-ның мүлдем ыдырамағандығының, жасырын түрде әлі де бар екендігінің «дәлелін» тапты. Оны Ресей Банкінің сайтында жасалған скриншоттан көруге болады. Бұл жалған ақпарат.


«01.06.2021 ж. бастап бұрынғы КСРО-ның сауда және несие келісімдері бойынша Ресей Федерациясының шет мемлекеттермен төлем және есеп айырысу қатынастарында қолданылатын рубльге қатысты КСРО Мемлекеттік банкінің шетел валюталарының ресми бағамдары» деген тақырыптағы Ресей банкі сайтының скриншотын КСРО-ның әлі де бар екендігінің дәлелі ретінде қарастыруға болмайды. 
КСРО ыдырағаннан кейін бір кездері болған мемлекет шет елдермен қол қойған несиелік келісімдер күшін жоғалтпағандықтан, мұндай валюта бағамдары жарияланады. Қарыздарды қайтару және валюта бағамындағы сәйкессіздіктерді жою үшін Ресей банкі 1992 жылғы 30 қарашада мәлімдеме жасады.
– «Ресей банкі бұрынғы КСРО-ның мемлекеттік несиелері мен сауда келісімдері бойынша қарыз алушы елдермен төлем-есеп айырысу қатынастары үшін және Ресей Федерациясының «Ресей Федерациясының ақша жүйесі туралы» Заңының мәтінімен сәйкессіздіктерді жою үшін КСРО Мемлекеттік банкінің шетел валюталарын рубльге ай сайынғы бағамдауын жалғастыруда, оның деңгейі мен оны белгілеу механизмін сақтайды», – делінген мәлімдемеде.
Кеңес Одағының ыдырауы – тарихи факт. Оны РКФСР Жоғарғы Кеңесінің 1991 жылғы 12 желтоқсандағы «КСРО құру туралы шарттың күшін жою туралы» қаулысы және 1991 жылғы Беловеж келісімі растайды.

Төрткүл дүние әлемдегі ең үлкен мемлекеттің ыдырауының куәсі болды. Осы оқиғаға, оның алғышарттарына, талдауға арналған мақалаларды көптеген тілдерде оқуға болады.
Қастандық теориясын жақтаушылар арасында бұрынғы КСРО аумағында орналасқан мемлекеттер қазір ресми түрде жоқ, тек жеке ұйымдар болып табылады деген идеялар кеңінен тараған. Бұған дейін біз Қазақстан Республикасы егеменді ел емес, корпорация деген теорияны жоққа шығарған болатынбыз.

Фейк: «Қазақстан Республикасы мемлекет емес, корпорация»

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button