Fake News

Манипуляция:«ПТР тестілеу жиынтықтарын шалғай жердегі балалар қаптайды»

Қазнет қолданушылары еденде отырып, ПТР-талдау үшін биоматериал алуға арналған стиктерді пластик пакеттерге салып жатқан балалардың видеролигін таратуда. Балалар маскасыз, қолғапсыз, ал медициналық жиынтықтар қапталатын орта стерильді емес. Кейбір пайдаланушылар мұндай жиынтықтар әлем бойынша жеткізіледі, яғни ПТР сынақтарына сенуге болмайды деп санайды. Бұл олай емес.

Бұл видео Мумбайдан шығысқа қарай 50 км жерде орналасқан Улхаснагардағы Сан-Гианешвар-Нагар трущобаларында түсірілген. Еденде отырып, ПТР сынақ жиынтықтарын жинаған әйелдер мен балалар мұны жергілікті жеткізуші Маниша Кесванидің тапсырысымен жасаған.
Видео Желіде тараған соң жосықсыз жеткізушінің үстінен іс қозғалып, Үндістанның ауруханалары мен емханаларында тексерулер басталды. Жеке меншікті ауруханалар мен дәріханаларға шалғай жерлерде жиналған Bio-Swab жиынтықтарын сатып алуға тыйым салынды.
Қазақстанға мұндай жиынтықтар әкелінген жоқ. Бұл туралы ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінен хабарлады.

– Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында Ресей, Корея, Германия, Қытай, Қазақстан сияқты елдерде өндірілген ПТР-тестілер тіркелген және қолдануға рұқсат етілген, – делінген ведомство жауабында.

Елімізге жеткізілетін медициналық бұйымдардың сапасы бірнеше кезеңнен тұратын тексеруден өтеді: алдымен ұсынылған құжаттардың толық жиынтықтылығы тексеріліп, сараптамадан өткізіледі (тіркеу дерекнамасы); содан кейін мамандандырылған сараптама жүргізіледі, оның барысында сапаны бағалау жүзеге асырылады; сондай-ақ мемлекеттік және халықаралық стандарттарға сәйкес әрекет ететін ҰЭДСҰО аккредиттелген сынақ зертханаларында жүргізілетін зертханалық сынақтар.
Сондай-ақ, Комитет өкілдері медициналық бұйымдардың айналысы кезеңінде нарықта фармакологиялық қадағалау және қауіпсіздікті, сапа мен тиімділікті мониторингтеу жүйесі жұмыс істейтінін атап өтті.

Қорыта айтқанда, Желіде тараған бейнероликтің Қазақстанға қатысы жоқ. Видеода көрсетілген стерильді емес жиынтықтар елімізге әкелінген емес. Қазақстан аумағында қолданылатын барлық медициналық бұйымдар санитарлық нормаларға сәйкес келеді және міндетті тексеруден өтеді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button