Fake News

Манипуляция: «Коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеу әрекеттерінің барлығы тәжірибелік жануарлардың өлімімен аяқталды»

Telegram чаттарында әлемде бірде-бір коронавирусқа қарсы вакцина жоқ деген ақпарат таратылуда. Себебі, әзірленіп жатқан препараттар сыналған барлық жануарлар қайтыс болады екен. Бұл жалған.


Коронавирус тудырған аурудың алғашқы ошағы 2003 жылы анықталды. Ол кезде өткір респираторлық синдром қоздырғышы SARS-CoV-1 коронавирусы болды. Әлемде індет жұқтырудың 8098 жағдайы тіркелді, оның ішінде 774-і көз жұмды.
Індет басталғаннан кейін бірден әртүрлі елдердегі ғалымдар оған қарсы вакцина жасауға кірісті. Әр түрлі платформаларда жасалған бірнеше кандидат вакцина болды.
Олар тышқандарда, саскүзендерде және адам тәрізді приматтарда сыналды. Кейбір жануарларда өкпедегі құрылымдық өзгерістер, иммундық аурулар және бауыр аурулары сияқты жанама әсерлер тіркелді.
Дегенмен, ғалымдар препараттардың дозасы мен құрамын түзете алмады. Бұған тәжірибелік жануарларда пайда болған жанама әсерлер емес, індет ошағы басылып, вакцина әзірлеу жұмыстарын қаржыландырудың тоқтатылуы себеп.
Алайда, SARS-қа қарсы вакциналары SARS-CoV-2 коронавирусынан туындаған COVID-19 пандемиясы кезінде өте пайдалы болды. Sars-CoV-1 және Sars-CoV-2 геномдары 80% ұқсас. Осыны ескере отырып, ғалымдар COVID-19 қарсы вакциналарды әзірлеу үшін бұрыннан бар жобаларды қолданды. 
КВИ-ға қарсы вакциналар жануарларға міндетті сынақтардан өтті. Бұл туралы деректер баршаға қолжетімді. Pfizer-BioNTech препараты тышқандар мен резус макакаларда сыналды.
Қазақстанда қолданылып жатқан «Спутник-V» вакцинасы әр түрлі зертханалық жануарлар мен приматтардың екі түрінде сынақтан өтті. Өлім және елеулі жанама әсерлердің болуы туралы хабарланған жоқ. 
Демек, коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеу әрекеттері барлық тәжірибелік жануарлардың өліміне байланысты сәтсіз аяқталды деген пікірлер дұрыс емес.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button