Фейк: «Коронавирус ауру емес, азот диоксидімен улану»
Әлеуметтік желі қолданушылары СOVID-19 табиғаты туралы өз болжамдарымен бөлісуде. Кейбір адамдардың пікірінше, шын мәнінде бұл ауру жоқ және оны жұқтыру жағдайлары ұшақтан шашқан азот диоксидімен уланудың нәтижесі болып табылады. Бұл олай емес.
Мұндай жорамал ұшақ пен тікұшақтан у шашады деген химтрейлдер теориясынан шыққан. Бұл қастандық теориясы пайда болғалы оған бірде-бір, тіпті, жанама дәлел болсын, табылмады.
Дәлел жоқ: «Химтрейлді жасаушы олардың мақсаты туралы айтып берді»
Азот диоксиді – өткір иісі бар, денсаулыққа елеулі зиян келтіретін улы сарғыш-қоңыр газ. Оны ешкімге білдіртпей, ұшақтан шашу мүмкін емес, өйткені газдың өзіне тән түсі мен иісі бар. Көбінесе оны өнеркәсіптік кәсіпорындар атмосфераға шығарады. Желіде зауыт құбырларынан шыққан азот диоксидінің фотосуреттерін көруге болады. Бұл алыстан көрінетін қызғылт сары будақтар. Мұндай шығарындылар «түлкі құйрығы» деп аталады.
Азот диоксидінің адамға әсері өкпенің қабынуына және тыныс алу жүйесінің басқа да проблемаларына әкелуі мүмкін. Көздің қызаруы, көз жас ағушылық, терінің қызаруы, тамақтағы қыжыл мен бас айналу да улану белгілеріне жатады.
Бұл белгілер COVID-19-ға тән емес және оны аурудың көрінісі ретінде қабылдауға болмайды.
Ұшақтардан азот диоксидін шашу теориясында тағы бір маңызды сәйкессіздік бар. Егер қалалардың үстінен уды әдейі шашса, онда улану белгілері барлық тұрғындарда болар еді. КВИ жағдайында олай емес. Оның қоздырғышы SARS-CoV-2 коронавирусы адамнан адамға ауа-тамшы жолдарымен беріледі. Тиісінше, ауруды науқаспен тығыз байланыста болудың нәтижесінде ғана жұқтыруыңыз мүмкін. Сонымен қатар, кейбір жағдайларда ауру жеңіл немесе симптомсыз түрде өтеді.
Қорыта айтқанда, ұшақтардан азот диоксидін шашу туралы теория фактілерге қайшы. Улы газбен улану белгілері COVID-19 белгілерінен өзгеше, ал аурудың таралу жолдары химиялық заттармен улану механизмдеріне сәйкес келмейді.