Fake News

Фейк: «Гиппократ антында дәрігерлер дәрі-дәрмек сату үшін ауруларды қолдан жасауы тиіс деп айтылған»

Қазақстандықтар Telegram-чаттарда дәрігерлер мен Гиппократ анты туралы ерекше теорияны алға тартты. Олардың пайымдауынша, ант мәтінінде дәрігерлер дәрі-дәрмектің жаңа түрлерін сату үшін ауруларды жасырын түрде ойлап табуы тиіс деп айтылған. Бұл барлық медицина қызметкерлерінің басты құпиясы екен. Бұл жалған.


Мұндай нұсқаулар ежелгі грек тілінің иондық диалектісінде жазылған анттың түпнұсқа мәтінінде де, оның көптеген аудармаларында да жоқ.
Сонымен қатар, Гиппократтың адам емдегені үшін материалдық ынталандыруға қарсы болғанын көрсететін мәлімдемелер де сақталған.
«Даналық үшін ізделетін нәрсенің бәрі медицинада да бар, нақтырақ айтқанда ақшаға деген жек көрушілік, ар-ұждан, кішіпейілділік, киімдегі қарапайымдылық…» – делінген оның «Сыпайылық туралы» еңбегінде.
Сондай-ақ, ол пациенттің дәрігердің жұмысына ақы төлей алатындығына қарамастан, медициналық көмек барлығына қолжетімді болуы тиіс деп санаған.
«Ризашылықты минуттық атақтан жоғары санап, кейде тегін емдеу. Егер жат жерлік адамға немесе кедейге көмек көрсету қажет болса, онда көмектесу керек, өйткені адамдарға деген сүйіспеншілік бар жерде өнерге деген сүйіспеншілік те болады», – деп жазады Гиппократ.
Айта кетейік, бүгінде түрлі мемлекеттерде медициналық университеттерінің түлектері Гиппократ антына жатпайтын түрлі мәтіндерді айтады.
Қазақстанда дәрігер антының мәтінінде қолдан аурулар шығару, оның үстіне дәрі-дәрмек сату қажеттілігі туралы тармақтар жоқ.
– Жасына, жынысына, ұлтына, дініне, әлеуметтік жағдайы мен азаматтығына қарамастан, медициналық көмекке мұқтаж әрбір адамға бірдей құлшыныспен және шыдамдылықпен көмек көрсетуге ант етемін. Дәрігерлік құпияны сақтауға, оны ешқашан пайдакүнемдік мақсатта пайдаланбауға ант етемін. Өз білімім мен дағдыларымды үнемі жетілдіріп отыруға, өзіме және оқушыларыма талапшыл болуға, ешқашан риясыз көмек көрсетуден бас тартпауға және пациенттің мүддесі талап етілетін болса, әріптестерімнен кеңес сұрауға ант етемін, – делінген мәтінде.
Қазақстандық медициналық жоғары оқу орындарының түлектері Гиппократ антын бермейді.
Қорыта айтқанда, әлемде дәрігерлер дәрі-дәрмек сатып баю үшін аурулар ойлап табады деген теория негізсіз. Гиппократ антында мұндай нұсқаулар жоқ. Ал Ежелгі грек дәрігерінің өзі қажет болған жағдайда науқастарға тегін көмек көрсету керек деп айтқан.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button