Фейк: «Туу туралы куәлік – бұл әлемдік банк жүйесінде сатылатын вексель»
Әлеуметтік желілерді қолданушылар туу туралы куәлік жеке тұлғалардың иелігіндегі бағалы қағаз екендігі туралы видеоны таратуда. Бұл жалған.
Пайдаланушылар бөліскен бейненің сипаттамасында «құпияның» ашылатынын және және туу туралы куәліктің шын мәнінде не екендігі жайлы айтып беретіндері жазылған.
Роликтің басында кадр сыртындағы дауыс видеода айтылатын барлық ақпарат «КСРО-ның 2020 жылғы қыркүйектегі мемлекеттік актісінде» бар екенін хабарлайды. Естеріңізге сала кетейік, КСРО – Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы 1922 жылдан 1991 жылға дейін болған.
Одан әрі дауыс туу туралы куәліктің «бағалы қағаз, нақтырақ айтқанда вексель» болып табылатынын жеткізеді. Шындығында, бұл екі түрлі құжаттар.
Вексель – бұл қатаң белгіленген нысанда ресімделген, вексель берілген адамға (вексель ұстаушыға) борышкерден вексельде көрсетілген соманы алуға құқық беретін бағалы қағаз.
Вексель Ежелгі Грекияда пайда болған ең көне қаржылық құжаттардың бірі, VII ғасырдан бастап Қытайда, VIII-XIV ғасырларда Италияда қолданылған,
Туу туралы куәлік – бұл баланың туу фактісін мемлекеттік тіркеу туралы құжат.
Бұл құжаттың бағалы қаржы қағазына ешқандай қатысы жоқ.
Қазақстандық туу туралы куәлікте мынадай мәліметтер ұсынылады
Туу туралы куәлікте мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні және жері;
2) акт жазбасының жасалған күні және нөмірі;
3) жеке сәйкестендіру нөмірі;
4) егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілген болса, ата-анасының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ұлты;
5) ата-анасының азаматтығы;
6) мемлекеттік тіркеу орны (тіркеуші органның атауы);
7) туу туралы куәліктің берілген күні.
Видеода туу туралы куәлікті «түгендеу нөмірі» және «тірі тауарларға арналған сертификат» деп те атайды, ал құжатты алған адам – «заңды объект» және белгілі бір «корпорацияның» «меншігі» дейді. Мұның барлығы конспирологиялық теория ғана.