Fake News

Дүниежүзілік банк COVID-19 пандемиясына демеушілік көрсетпейді

Қазнет қолданушылары COVID-19 пандемиясының Дүниежүзілік банктің жоспарланған акциясы екендігін талқылауда, оның нақты мерзімі белгіленген. Бұл жалған.


Қазақстандықтар Желіде «COVID-19-ға стратегиялық дайындық және ден қою жобасы» туралы құжатты көргеннен кейін пандемия – Дүниежүзілік банк қаржыландыратын жоспарланған акция деген болжамды алға тартуда. Жобаның өзі 2020 жылғы 2 сәуірден 2025 жылғы 31 мамырға дейінгі кезеңге есептелген.
Бұл жерде әңгіме пандемия кезеңінде елдерге қолдау көрсету туралы болып отыр. Атап айтқанда, жобада әлеуметтік, экономикалық, саяси макроэкономикалық және басқа салаларды қолдау үшін қаражат бөлу жоспарланып отырғаны айтылған.
COVID-19 пандемиясының салдарымен күрес шеңберінде елдерге қаржылық қолдау көрсету шаралары туралы ақпарат банктің ресми сайтында да орналастырылған.
Бұл Банк пандемияға демеушілік көрсетеді дегенді білдірмейді. Сонымен қатар, ДДСҰ пандемияны 2020 жылғы 11 наурызда ресми түрде жариялады. Яғни, Дүниежүзілік банк жобасы 2020 жылғы 2 сәуірде басталғанда бүкіл әлем COVID-19 індеті жайлы білді және көптеген елдерде оны жұқтыру жағдайлары тіркелген болатын.
Банктің дәл осы құжаты бұған дейін де фейк жаңалықтардың таралуына себеп болған еді. Қазнет қолданушылары әлемдегі карантиндік шектеулер 2025 жылғы мамыр айында ғана толығымен алынатыны туралы хабарламалар таратқан.

Дүниежүзілік Банктің «карантинді 2025 жылға дейін ұзарту» құжаты туралы хабарламалар – манипуляция

Сондай-ақ, қазақстандықтар Дүниежүзілік банк пен ДДСҰ табыс табу мақсатында «пандемиялық облигациялар», кейіннен COVID-19 ауруын шығару жайлы сөз байласты деген теорияны алға тартқан. Бұл да фейк болып шықты.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button