Қазақстандықтар жаңа алаяқтық схемаларға тап болды
Әлеуметтік желілерде ұтыс тігіп, 5 есеге, тіпті 7 есеге артық пайда табуға болатыны туралы ақпарат кеңінен таратылып жатыр. Қарапайым ғана схема – картаға ақша аударасыз, ал бірнеше сағаттан кейін «табыс түседі». ҚР Ішкі істер министрлігі бұл алаяқтық схеманы тексеруде.
Сонымен қатар тек жеке сілтеме арқылы ғана кіруге болатын Telegram-канал да кеңінен қолданылуда. Онда «тез ақша табуға» болады және «сәтсіз тігілген ұтыстарды қайтаруға кепіл беріледі».
Жабық Telegram-канал басқа әлеуметтік желілерде де жарнамалануда. Мысалы, Instagram-да ақша табу туралы ақпарат стористе берілген, ал пайдаланушы сілтемені басқанда бірден жеке чатқа түседі.
«Мысалы, 70 мың теңге ұтыс тіксеңіз, 546 мың теңге таза пайда табасыз! Біз табыстың 20% мөлшеріндегі аз ғана бөлігін ұстап қаламыз. Бізге де ақша табу керек. АҚШАНЫ ЖОҒАЛТУ ТӘУЕКЕЛІ ЖОҚ! Сәтсіз ұтыстардың барлығын қайтарамыз! Мұндай шарттар ТМД-да ешкімде жоқ!!», – деп уәде береді хабарландыру авторлары.
Полицейлердің хабарлауынша, осылай қаржы табу жолын ұсынатын Telegram-канал алаяқтық іс-әрекетке ұқсайды. Қазіргі кезде тексеру жұмыстары жүргізілуде.