Fake News

Фейк: «Турбуленттілікті адамдар жасайды»

Танымал Telegram чаттарда адамдар табиғатқа жиі араласатындықтан ұшақтар турбуленттілікке жиі түсе бастады деген хабар тарады. Бұл рас па, анықтайық.

Алдымен турбуленттіліктің не екенін түсінуіміз керек. Ол ұшақ қатты жел ағынына тап болғанда орын алады, бортты итереді немесе тартады. Әдетте, коммерциялық рейстер мұндай оқиғаларды болдырмауға мүмкіндік беретін биіктікте жүзеге асырылады, сонда да турбуленттілік кейде болып тұрады және соңғы жылдары жиілеп кетті.

Ұлыбританиядағы Рединг университетінің ғалымдары 1979 жылдан 2020 жылға дейін Солтүстік Атлантикалық маршрутта турбуленттіліктің барлық құжатталған жағдайларын салыстырып зерттеу жүргізген. Олар ауыр турбуленттілік жағдайлары аталған кезеңде 55%-ға өсті деген қорытындыға келді. Сарапшылар анықтағандай, бұған климаттың жаһандық өзгеруі себеп.

Адамдар жел ағындарын басқара алмайды, сонымен қатар турбуленттілік тудыру үшін биіктікте жасанды екпіндер жасай алмайды. Желіде желді қолдан жасау технологиясына берілген патентті көруге болады, бүгінгі күні ол «қалды» деп белгіленген, ал сипатталған идея жүзеге асырылмаған.

Демек, турбуленттілік қолдан жасалады және оны біреулер әдейі жасайды дегенге сенуге негіз жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button