Fake News

Фейк: «Дисбактериозға қарсы дәрі капсулаларынан ине шыққан»

Қазақстандықтар дәрі-дәрмек капсулаларынан табылған бөгде заттар туралы кезекті видеоны талқылауда. Бұл жолы «Линекс» препаратынан ине шыққан екен. Бұл шындыққа жанаспайды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті осыған ұқсас «Энтерофурил» препаратының капсуласынан бірнеше тот басқан шеге тапқан ер адамның видеосына түсініктеме берген болатын. Ведомстводағылар дәрі капсуласының ішінен бөгде заттарды табу мүмкін емес екенін мәлімдеді.

“Мемлекет тарапынан республика аумағында айналымға түскен барлық дәрілік заттардың сапасына бақылау жүргізіледі, жыл сайын зертханалық сынақтар жүргізу үшін нарықтан дәрілік заттар іріктеп алынып, оның сапасына баға беріледі”, – деді Комитет мүшелері.

Сонымен қатар, Қазнет пайдаланушылары талқылаған роликте қаптаманың түсірілім басталғанға дейін ашылғаны көрініп тұр. Автордың айтуынша, олар бірнеше капсуланы қабылдаған. Бірақ ішінде инелер бар дәріні қолданудың салдары туралы айтылмайды.
Сондай-ақ, ролик авторы ішінде шегелері бар препарат туралы роликті көргеннен кейін капсуланы тексермек болғанын айтады. Ол «Линекс» капсуласын ашып, ине тапқан. Демек, олар осыдан кейін, инелерді қайта капсулаға салған. Олай болса, видеода көрсетілген инелердің әуелден дәрі-дәрмекте болғандығына ешқандай дәлел жоқ.
«Линекс» препараты Ресейде SANDOZ компаниясымен шығарылады. Капсула өндірісі толықтай автоматтандырылған. Яғни, бүкіл өндірістік процесті тоқтатпай, капсулалардың белгілі бір санын алып, олардың ішін ауыстыру мүмкін емес.
Қазақстанда ел аумағына әкелінетін дәрі-дәрмектің сапасын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясының талаптарына сәйкес, шетелден әкелінетін барлық дәрі-дәрмек үшін нотариалды куәландырылған немесе апостильденген GMP сертификатының көшірмесі қажет.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button