Қазақстанда алимент пен депозиттерге жарна салынған жоқ
Қазнетте қазақстандықтар бұдан былай алимент, дивидендтер және депозиттер бойынша сыйақылардан зейнетақы қорына міндетті жарналар төлеу міндетті болады деп айтқан әйелдің видеосымен бөлісуде. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Ролик авторының айтуынша, үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Салық кодексінің 341-бабы алынып тасталды, енді алимент пен депозиттерден зейнетақы қорына жарна төлеу керек. Онда балалар мен асырауындағыларға алынған алименттер, жеке тұлғаларға олардың банктердегі салымдары (депозиттері) бойынша төленетін сыйақылар, дивидендтер және сыйақылардың кейбір басқа түрлері салық салуға жатпайтыны айтылған.
Шын мәнінде, бұл бап алынбаған. Ол 01.01.2021 жылғы жағдай бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізілген «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде қалды. (https://online.zakon.kz/document/?doc_id=36148637&doc_id2=36148637#pos=4;-98&pos2=9120;-98).
Мұны ҚР Қаржы министрлігі растады.
«Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағына сәйкес, алименттерте салық салынбайды, – деп хабарлады ведомстводан.
Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.