Фейк аккаунттар

Қазақстандықтарды үздік смартфондар сыйлаймыз деп фишингтік сайттарға тартуда

What ‘ sApp мессенджерінде фишингтік сайттың жарнамасы таратылуда. Қауіпті ресурсқа шақыруда сауалнамадан өткені үшін күшті смартфон сыйға беріледі делінген. Шын мәнінде, бұл пайдаланушылардың жеке деректерін ұрлауға мүмкіндік беретін алаяқтық схема.

Платформаны әзірлеушілер пайдаланушылардан жеке мәліметтерін – жынысын, жасын, тұратын елін және т.б. енгізуді сұрайды. Сөйтіп, сауалнама нәтижелері бойынша ұтыс өткізіп, қымбат ұялы телефонды сыйға тартады екен.


Сауалнаманың төменгі жағында бағалы сыйлықтар жеңіп алған пайдаланушылардың пікірлері ұсынылған. Бірақ әйелдің есімінің астынан ер адамның фотосуреті бар аватар көрсетілген немесе пайдаланушылардың есімдеріне қарап, олардың басқа елдердің азаматтары екенін байқауға болады, ал пікірлердің барлығы орыс тілінде жазылған. Сайттың қарапайым дизайны мен мекен жай жолында қауіпсіз интернет байланысы белгісінің болмауы фишингтік сайттың белгісі болып табылады.
Алаяқтар осындай интернет-платформалар арқылы жеке ақпаратты, төлем деректерін, жеке аккаунттардың құпиясөздерін және пайдаланушылар туралы басқа да ақпаратты иемденеді.
Фишинг және интернет-алаяқтардың айла-амалдарына түспеу жолдары туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button