Fake News

Фейк: «Гибралтарда COVID-19 вакцинациясы басталғаннан кейін өлім-жітім статистикасы күрт өсті»

Telegram мессенджерінде қазақстандықтар Гибралтардағы өлім-жітім статистикасын талқылауда. Кейбір пайдаланушылардың айтуынша, Sars-CoV-2 қарсы вакцина әкелінгеннен кейін COVID-19-дан қайтыс болғандар саны күрт өскен. Басқалары жоғары өлім-жітім көрсеткішіне ауру емес, вакцинаның өзі себеп болды деп санайды. Бұл олай емес.


Гибралтарда COVID-19 өлім-жітім статистикасының артқаны рас. Алайда, өсім вакцинаның алғашқы дозалары жеткізілгенге дейін басталды. Кестеге сәйкес, бұл статистикалық көрсеткіштер өткен жылдың қараша айының соңында күрт артқан, ал Гибралтар тұрғындарына вакцина 2021 жылғы 10 қаңтарда салынды. Сонымен қатар, бірінші кезеңде препаратты тек COVID-19 пациенттерін емдейтін медицина қызметкерлері ғана алды.

Статистикаға сәйкес, бүгінгі күні Гибралтарда КВИ жұқтырған 4 114 адам тіркелген. 3 705 науқас сауығып, 77 адам қайтыс болды. 2020 жылғы 31 қаңтарда 12 866 адам COVID-19 вакцинасының алғашқы дозасын алды.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта қолжетімді COVID-19 қарсы барлық вакциналар қауіпсіз және тиімді екенін атап өткеніміз жөн. Бұл клиникалық зерттеулердің нәтижелерімен расталады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button