Манипуляция: «Медбике COVID-19 қарсы вакцинацина жасатқаннан кейін есінен танып қалды»
Қазнет қолданушылары АҚШ-та медбике COVID-19 вакцинасын алғаннан кейін 15 минуттан кейін баспасөз мәслихаты кезінде есінен танып қалған видеоны талқылауда. Кейбіреулерінің пайымдауынша, бұл вакцинаның қауіпті және оның құрамында улы заттар бар деген теорияны дәлелдейді. Шын мәнінде, бұл олай емес.
Есінен танып қалған медбике Тиффани Довер Теннесси штатында Чаттануга мемориалдық госпиталінде жұмыс істейді. Ол тез есін жинап, журналистерге оқиғаның себебін түсіндірді.
Мен қатты ауырған кезде, жай ауырса да құлап қаламын. Соңғы алты аптада алты рет есімнен тандым, бұл маған тән нәрсе. Тіпті кебе де себеп болуы мүмкін”, – деп түсіндірді ол.
Кейіннен ол өзін жақсы сезінетінін және екпе салған орынның ауырмайтынын айтты.
Айта кетейік, вакцина Тиффани Доверге ғана жасалған жоқ. Тағы бірнешк дәрігер вакцина жасатты. Атап айтқанда, сол күні Чаттануга мемориалдық госпиталінде 250 қызметкерге екпе салу жоспарланған болатын. Вакцинацияның жанама әсерлері туралы олардың ешқайсысы хабарлаған жоқ.
Азық-түлік және дәрі-дәрмекті санитарлық қадағалау басқармасы бұған дейін медбикеге егілген Pfizer-BioNTech вакцинасын тексеріп, оны қауіпсіз деп таныған болатын.
Демек, вакцинациядан кейін медбике есінен танып қалса, онда препарат қауіпті деген мәлімдеме – манипуляция. Тиффанидің естен танып қалуы – оның ағзасының реакциясы. Бұл ол үшін қалыпты дағдай. Оны сол күні вакцина алған дәрігерлердің ешқайсысы есінен танбағанынан байқауға болады.