Фейк: «СОО мен жылжымалы пункттерде екпе жасау қауіпті, себебі онда дәрігерлер вакцина туралы ақпаратты жасырады»
Қазнет пайдаланушылары СОО және жылжымалы пункттерде вакцина салдырмау туралы ескертуде. Ондағы дәрігерлер пациенттерден вакциналар мен олардың жанама әсерлері туралы толық ақпаратты жасыра екен. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл қауесетті жоққа шығарды.
Ведомство барлық пациенттер емханада немесе одан тыс жерде егілгеніне қарамастан, вакциналар туралы толық және сенімді ақпарат алуға құқылы екенін хабарлады.
– Дәрігерлер пациентке вакциналар және оның емханада немесе СОО-да егілгеніне қарамастан, вакцинация жүргізу тәртібі туралы толық ақпарат беруге міндетті. СОО-да және жылжымалы пункттерде вакцинация адамдарға қолайлы болуы үшін жүргізіледі, өйткені емханаға бару барлығына бірдей ыңғайлы емес. Барлық егу пункттерінде қажетті жағдайлар жасалған: тоңазытқыштар, алғашқы көмек көрсетуге арналған сөмкелер және т.б. бар. Сондай-ақ, барлық вакцинация пункттерінде дәрігерлер процедура алдында тексеру жүргізеді, – деп хабарлады ҚР ДСМ баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, вакциналар мен олардың жанама әсерлері туралы ақпарат желіде баршаға қолжетімді. Coronavirus2020.kz порталында Қазақстанда қолжетімді вакциналар туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар, сондай-ақ COVID-19 жұқтырған науқастарға арналған жадынама жарияланған.
Қазақстанда қолданылатын КВИ қарсы вакциналардың құрамымен мына сілтемелер бойынша танысуға болады:
Демек, СОО мен жылжымалы вакцинация пункттерінде егілу қауіпсіз емес деген қауесет негізсіз. Қазақстандықтар екпені қайда салдырғанына қарамастан вакциналар туралы толық және дұрыс ақпарат алуға құқылы. Сонымен қатар, елде қолданылатын иммундау препараттары туралы толық ақпарат интернетте баршаға қолжетімді.