АҚШ Мемлекеттік хатшысы міндетті вакцинация туралы айтқан емес
Қазнетте АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Генри Киссиднжердің 2009 жылы ДДСҰ-ның Евгеника кеңесінде мәжбүрлі және міндетті вакцинация туралы айтқан және вакцина өндірушілер миллиардтаған ақша табады деп уәде берген видеосы тарады. Шын мәнінде, дипломат бұл туралы мүлдем айтпаған және «Евгеника жөніндегі кеңес» деген кеңес жоқ.
Генри Киссинджер 1969 жылдан 1975 жылға дейін АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі болған, кейін 1973-1977 жылдары АҚШ Мемлекеттік хатшысы қызметін атқарған.
Қазір халықаралық консалтингтік фирманың басшысы.
Қорыта айтқанда, 2009 жылы ол ешқандай ресми қызмет атқармаған және әлемнің бірде-бір елінің мемлекеттік қызметшісі болмаған.
Оның ресми сайтынан сөйлеген сөздерінің тізімін көруге болады. 2009 жылы үш мәрте баяндама жасаған – Токиода, Мюнхенде және Парижде. Олардың ешқайсысы вакцинациялау немесе жалпы медицина тақырыбына қатысты болмаған.
Генри Киссинджердің өкілдері оның жаппай мәжбүрлі вакцинация туралы мәлімдеме жасамағанын растады.
Сонымен қатар, ДДСҰ-да «Евгеника кеңесі» жоқ. Бұл туралы ұйымның өкілдері мәлімдеді.
Евгеника – нацистік Германияда танымал болған адам селекциясы туралы ілім, қазір ол қолайсыз деп саналады. Еуропа кеңесіне мүше елдер және басқа мемлекеттер Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын (1948) және Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарды қорғау туралы конвенцияны (1950) қолдай отырып, 2005 жылғы Биомедицина және адам құқықтары туралы конвенцияға қол қойды. Онда белгілі бір адамның генетикалық мұрасы негізінде кемсітушіліктің кез келген түріне тыйым салынады делінген. Сондай-ақ, Конвенцияға сәйкес, адам геномына араласу терапевтік, профилактикалық немесе диагностикалық мақсаттарда ғана, сондай-ақ бұл осы адамның мұрагерлерінің геномын өзгертуге әкелмегенде мүмкін. Бұл ережелер Евгениканың негізгі қағидаларын жоққа шығарады.