Fake News

Қазнетте белгілі инвестициялық компанияның атынан жалған жарнама тарады

Әлеуметтік желілерде белгілі қазақстандық Freedom broker инвестициялық компаниясының атынан жалған жарнамалық хабарландыру таралуда. Тұрғындарға қысқа уақыт ішінде қомақты инвестициялық табыс табу ұсынылады. Бұл алаяқтық схема.

Freedom Broker-дің Instagram-дағы ресми парақшасында бұл жалған жарнамаға қатысты түсініктеме берілген.

«Құрметті клиенттер, біз әлеуметтік желілерде Freedom Broker атынан жалған жарнаманың тағы бір толқынын байқадық.

Кейбір мысалдар үшін карусельдегі суреттермен танысыңыздар.

Жарнамалар төмендегі аккаунттар арқылы жарияланады:
– Invest Vortex
– Invest Brod
– Invest Day
– Invest Axis
– FreedomFinance
Басқалары да бар шығар.

Абай болыңыздар, Freedom Broker-дің бұл жарнамаға қатысы жоқ.

Freedom Broker-дің ресми аккаунттары:
· @ffin.kz
· @ffin.tradernet
· @freedomshapagat
· @ffin.education

Ресми қосымшасы – Freedom Broker, Tradernet.

Сақ болуларыңызды сұраймыз!», – делінген Freedom Broker-дің ресми хабарламасында.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар

Басқа жаңалықтар

Back to top button