Fake News

Фейк: «Көлік Қазақстанда белгісіз заттар шашты»

Қазнет пайдаланушылары артынан тығыз ақ түтін қалдырған көліктің видеосымен бөлісуде. Бұл ретте, жұмыс істейтін қозғалтқыштың дыбысы әдеттегіден әлдеқайда қатты естіледі. Кейбір адамдардың пайымдауынша, бұл машина улы химикаттар шашқан.

 

Шын мәніндег, бұл мүмкін емес, оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, ең бастысы – жеңіл автомобильде шашатын затты салатындай азды-көпті сыйымды резервуарларды орналастыру үшін орын жеткіліксіз. Екіншіден, жеңіл автомобильдер қандай да болмасын субстанцияларды шашуға мүмкіндік беретін жүйемен жабдықталмаған.
Сұйық химиялық заттарды шашуға арналған машиналар басқаша болады.

Мысалы, мұндай көліктер былтыр Новосібірде таныстырылды. Олар резервуарларға арналған арнайы бекіткіштермен, түтіктер жүйесімен және затты шашуға арналған құрылғымен жабдықталған. Мұндай автомобильдер көктайғақпен күресте қолданылады – олар жолдарға «Бионорд» сұйық реагентін себеді. (https://nsknews.info/materials/zimniy-poliv-v-novosibirske-vpervye-raspylili-zhidkiy-bionord/)
Видеодағы көліктің артынан ұласқан ақ түтін тәжірибелі автоәуесқойларды таң қалдырмайды. Қатты жұмыс істейтін қозғалтқыш пен мұндай пайдаланылған зат газ шығару жүйесінде су буының болуының немесе жану камерасына салқындатқыштар мен басқа сұйықтықтардың түсуінің белгісі болып табылады.

Демек, автомобиль улы заттар шашуы мүмкін деген пікірлер негізсіз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button