Fake News

Фейк: «Желтоқсан айында Жерде алты күн бойы күн сәулесі болмайды»

Қазнетті пайдаланушылар бір-бірімен қорқынышты жаңалықпен бөлісуде: осы жылдың желтоқсан айында алты күн бойы жерде күн сәулесі болмайды. Бұған Күндегі жарқыл әсер етеді. Хабарлама авторының мәлімдеуінше, ақпаратты NASA растаған. Бұл – фейк.


Хабарламаға сәйкес, 16-22 желтоқсан аралығында «күн дауылының» нәтижесінде күн сәулесінің 90% «бұғатталады».
NASA ресми сайтында мұндай хабарламалар жоқ. Сондай-ақ, әлемнің бірде-бір беделді басылымы күн сәулесінің «бұғатталуы» туралы хабарлаған жоқ.
Оның үстіне, Жұлдыздың бетінде кейде болып тұратын күн дауылдары жарықты сіңірмейді, керісінше шығарады. Күн жарқылының табиғаты мен адам денсаулығына әсері әлі толық зерттелмегеніне қарамастан, мамандар мұндай құбылыстар кезінде жоғары энергиялы – 10 Мэв жоғары протондар Жерге жетеді деп есептейді. Оларды күннің ғарыштық сәулелері деп те атайды.
Геомагниттік дауылды алдын ала дәл болжау мүмкін емес. 2-тәуліктік және 1-сағаттық болжамның сенімділігі тиісінше шамамен 30-50% және 95% құрайды. Қалған болжамдар тек жалпы ақпараттық сипатқа ие және практикада қолдану шегі бар.

Демек, Жерде қараңғылық орнайтыны туралы пікірлер ойдан шығарылған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button