Fake News

Фейк: «Әлеуметтік қашықтық адамдарды бақылаудың нақтылығы үшін қажет»

Қазнетте пандемия кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтау әлемдік қастандыққа қатысушылар үшін адамдарды бақылау ыңғайлы болуы үшін қажет деген жалған ақпарат таратылуда. Бұл теорияны жақтаушылардың пікірінше, вакцинаның әр дозасында адамдарды бақылауға арналған электронды чиптер енгізіледі. Ал әзірге бұл функцияны ұялы телефондар орындауда. Бұл пікір неге фейк екендігін түсіндіріп берейік.

Біріншіден, инфекцияның таралуын бәсеңдету үшін әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет. Бұл шара өзінің тиімділігін бірнеше рет дәлелдеді және COVID-19 пандемиясы кезінде ДДСҰ-мен алдын алу шараларының бірі ретінде ұсынылды.
Екіншіден, чипті вакцинамен бірге адам байқамайтындай енгізу мүмкін емес. Бүгінгі таңда мұндай кішкентай және жұмыс істеуге қабілетті құрылғылар әзірленбеген. Құрылғы қандай да бір сигналдарды қабылдап, таратуы үшін ол осы сигналдың толқын ұзындығынан бірнеше есеге артық антеннамен жабдықталуы керек. Мысалы, жаңа 5G форматындағы сигнал үшін бұл көрсеткіш шамамен 7,1 мм. Ал құрылғының өзі антеннадан үлкен болуы тиіс, яғни оны инъекция жасайтын инеге салу мүмкін емес.  Аамдарды чиптеу туралы бұған дейін толығырақ жазған болатынбыз.

Үшіншіден, GPS сенсорларымен телефондардың бәрі бірдей жабдықталмаған. Сонымен қатар, бұл функцияны өз қалауыңыз бойынша өшіре аласыз. Сондықтан смартфон деректері арқылы жалпы бақылау идеясы ойға қонымсыз секілді.
Төртіншіден, барлық GPS сенсорларда ауытқушылық болады. Мысалы, әдетте смартфондарға орнатылатындар адамның орналасқан жерін 20 метрге дейінгі дәлдікпен анықтайды. Сондай-ақ, әртүрлі елдерде ұсынылатын әлеуметтік қашықтық бір метрден екі метрге дейін. Адамдар арасындағы мұндай қашықтық орналасқан жердің нақтылығына әсер етпейді.

Бұл фактілер жалпы бақылау теориясын және әлемдік қастандыққа қатысушылардың міндетін жеңілдету үшін адамдар арасындағы қашықтықты сақтау қажеттілігін жоққа шығарады.
 
Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button