Фейк: «Қазақстанның ауруханалары толық, емдейтін ешкім жоқ!»
Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде COVID-19 ауруының бар екендігін дәлелдеу үшін жиі қолданылатын сөз тіркестері жазылған суреттерді жариялауда. Олардың ішінде «Қазақстанның ауруханалары толық, емдейтін ешкім жоқ» деген пікір мен коронавирустық инфекциядан қайтыс болған 600 дәрігер туралы ақпарат та бар. Бұл хабарламалар – фейк.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, қазіргі кезде еліміздегі инфекциялық ауруханалар 22% жұмыс істеп тұр. 15 151 төсек-орынның 3 289-ына науқастар жатқызылды.
Реанимация бөлімшелерінің 17% (1523-тен 256 төсек) қолданылуда.
Карантиндік стационарларда 428 пациент жатыр, оның ішінде 6886 төсек-орын бар. Жүктеме 6,2% құрайды.
СOVID-19 инфекциясынан көз жұмған 600 дәрігер туралы ақпарат та расталған жоқ. Ресми мәліметтер бойынша, елімізде осы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша індеттен қайтыс болған дәрігерлердің отбасыларына төленген 182 төлем тіркелген.
Демек, Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесінің шамадан тыс жүктелуі және дәрігерлер жетіспеушілігі туралы пікірлер – фейк.