Fake News

«COVID-19 қарсы ресейлік вакцина ветеринарлық препарат болып шықты» – фейк

«COVID-19 қарсы ресейлік вакцина ветеринарлық препарат болып шықты» деген жарияланым әлеуметтік желілерде алаңдаушылық тудырды. Бұл реакция Ресей Ғылым академиясының биохимиялық физика институтының кіші ғылыми қызметкері Александр Кудрявцевтің Facebook-тегі жариялануынан кейін туды.

Stopfake.kz пост мәтінінде және жарияланымның суретіндегі жазбада екі түрлі вакцина туралы айтылғаны анықтады.

Постта жарияланған суреттегі жазбада М.Ф.Гамалея атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының вакцинасы туралы айтылады. Яғни, коронавирусқа қарсы бірінші тіркелген «Спутник V» вакцинасы туралы.
Ресейлік ғалымдар оны 2020 жылдың ақпан айынан бастап жасаған. Оны әзірлеу мен сынақ жұмыстарына бұған дейін Эбола және MERS қарсы вакциналар жасаған Денис Логунов жетекшілік етті. 2020 жылдың 1 тамызында ресейлік «Спутник V» вакцинасының 1 және 2-ші клиникалық сынақтары аяқталды. 11 тамызда тіркелді.

2020 жылдың қыркүйегінде вакцинаны жасаушылар Lancet медициналық журналында «Спутник V» зерттеулері туралы мақала жариялап, ғалымдардың «Спутник V» зерттеулері туралы сұрақтарына жауап берді.
«Еріктілерге енгізілген вакцинаның екі компоненті де қауіпсіз және ағза көтере алатын болып шықты», – деп жазады зерттеу авторлары. Ең жиі кездесетін жанама әсерлері екпе жасаған орынның ауырсынуы, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, жалпы әлсіздік, бұлшық ет ауруы және жалпы ауырсыну болды. Бұл жанама әсерлердің басым бөлігі аз байқалған, айтарлықтай жанама әсерлері тіркелмеген», – делінген мақалада.

2020 жылдың 31 қазанында Ресейдің Бірінші арнасы «Спутник V» 60 жастан асқан еріктілерде сынала бастағанын хабарлады.
Дәл осы посттың мәтінінде жарияланым авторлары нақты бір ресейлік вакцина туралы айтпайды. Бірақ қазіргі кезде екі вакцина тіркелген және үшіншісі тіркеледі деп күтілуде.
Авторлар Александр Кудрявцевтің Facebook-тегі Ресейдің Тұтынушылар құқығын қорғау саласын қадағалау қызметі «Вектор» вирусология және биотехнология мемлекеттік ғылыми орталығының короновирусқа қарсы екінші ресейлік вакцина туралы айтқан нақты постына сілтеме жасайды. Екінші ресейлік «ЭпиВакКорона» вакцинасы 2020 жылдың 14 қазанында тіркел ген.

«Вектор вакцинасы көңілден шықпады…», – деп жазады Александр Кудрявцев.
Жарияланым авторы вакцинаны сынға алып, оның құрамы аусылға қарсы препараттың құрамына ұқсас екенін айтқан. Оның пікірінше, оның құрамында антиген мен алюминий гидроксиді көп.


Вакциналарда алюминий гидроксиді қосындылары қолданылатыны, оның суда ерімейтіні, қан тамырларына енбейтіні және ағзаға таралмайтыны туралы stopfake.kz бұған дейін жазған болатын. Денсаулыққа өте қауіпті алюминийдің еритін қосындысы вакциналарға алынбайды.
Айта кетейік, кейіннек автор бұл постты өшіріп тастады немесе жасырып қойды. Ал лентада автор «Векторды» нәтижелілігімен құттықтаған жарияланым шығады.
«Жануарларға өткізілген сынақ өте жақсы нәтиже көрсетті! Бұл тест тек антиденелерге ғана емес, антиденелердің нәтижелілігіне де қатысты. Сөйтіп, Вектор туралы олардың антиденелерін бейтараптандырады деп нақты айта аламыз! Жарайсыңдар! Оларда ADE ықтималдығы жоқ, бұған кепіл беруге болады. Сондықтан менің ADE туралы постымнан Векторды сызып тастауға болады. Демек, олар дұрыс антиген таңдаған, дәлірек айтқанда, олар үшеуін алған, олардың таңдалған бөліктері жақсы және «дұрыс» антиденелердің пайда болуына әкеледі. Әрине, толығырақ ақпарат алғым келеді. Жарайды, сөзге сенейік», – дейді Александр бұрын өзі сынға алған вакцина туралы.


Айта кетейік, 2020 жылдың сәуірінде Александр Кудрявцев мелатониннің клиникалық сынақтары коронавирус жұқтырған мыңдаған науқасты құтқарып, COVID-19 пандемиясын ең аз шығынмен жеңе алады деп мәлімдеген болатын.

Коронавирусқа қарсы «ЭпиВакКорона» екінші ресейлік вакцина шығарыла бастады. Препаратты тіркеуден кейінгі зерттеулерге Ресейдің әртүрлі аймақтарында 40 мың адам қатысады, оны 60 жастан асқан 150 еріктіде бөлек тексереді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button