Қазнетте Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің қатысуымен дипфейк таратылуда

Қазнетте Солтүстік Қазақстан облысының басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтың атынан жалған видео тарады. Роликке әкімнің баспасөз қызметінің ресми хабарламасы сияқты ресімделген мәтін жазылған. Онда 9 мамырда Петропавлда «Мәңгілік полк» акциясы өтеді, оған әкімнің өзі қатысады делінген. Бұл жасанды интеллект арқылы жасалған жалған видео.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі Instagram-дағы ресми парақшасында таралған хабарламаға қатысты түсініктеме берді.
«Интернет пен әлеуметтік желілерде жасанды интеллект көмегімен жасалған СҚО әкімінің баспасөз қызметінің жалған ақпараты мен өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтың қатысуымен жалған видео таралуда.
Аталған жалған ақпаратты тарату фактісі бойынша құқық қорғау органдарына өтініш берілді.Ақпаратты ресми дереккөздерден тексеріңіздер», – деп ескертеді СҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.