Fake News

Қазақстан қор биржасы алаяқтар туралы ескертеді

Әлеуметтік желілерде Қазақстан қор биржасы (KASE) атынан жалған жарнама тарады.  Танымал спикерлер жетекшілік ететін оқуға қабылдау жарияланып, тіркелгендердің барлығына 10 акциядан беріледі екен. Бұл жалған.

Алаяқтар адамдарды алдау үшін Instagram-да KASE-нің жалған аккаунтын тіркеген. Онда екі күн бұрын жарияланған бірнеше пост бар.

Қазақстан қор биржасының сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында оқу және сыйлық ретінде акциялар тарату туралы ақпарат жоқ. Алайда KASE-нің атынан тез баюды ұсынатын алаяқтар туралы ескерту бар.

«Биржа ешқашан жеке немесе заңды тұлғаларға KASE немесе оның қызметкерлерінің тікелей қатысуымен биржалық нарықтарда байыту үшін өз қызметтерін ұсынбайтынын ресми түрде мәлімдейді.

KASE инвесторларды кіретін сайттардың мекен жайларының дұрыстығын мұқият тексеруге және күмәнді парақшаларға дербес ақпаратты, банк карталарының деректерін, қандай да бір сауда платформасына кіру үшін логиндер мен парольдерді енгізбеуге шақырады.

Есіңізде болсын, жалған брокерлер – бұл қаржы нарықтарындағы сауда-саттықтың тартымды шарттарын ұсынатын, клиенттерден өздерін байыту үшін мүмкіндігінше көп ақша алу, содан кейін жасырыну мақсатында өнертапқыш алаяқтар», – делінген KASE хабарламасында.

Қазақстан қор биржасы қор нарығында өз қаражатыңызды инвестициялау үшін әрекет жасамас бұрын, KASE сізге биржаның мүшесі болып табылатын және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы бар ұйымға жүгінуді ұсынады.

«KASE – бұл сауда-саттықты ұйымдастыруды жүзеге асыратын және Қазақстан заңнамасы бойынша оларға қатыса алмайтын алаң. Егер қаржылық алаяқтықтың кез келген түріне тап болсаңыз, қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне +7 (727) 237 1000 сенім телефоны арқылы хабарласуыңызға болады», – дейді KASE өкілдері кеңес бере отырып.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button