Фейк: «Сағыз бүйрек жеткіліксіздігін тудырады»
Instagram-да пайдаланушылар сағыз бүйрекке зиян тигізетінін айтқан адамның видеосын талқылауда. Ресейде бүйрек жеткіліксіздігіне байланысты 5 жасқа дейінгі балалар қайтыс болып жатыр екен. Псевдодәрігердің айтуынша, бұған «бүйрек түтікшелерін» бітеп тастаған сағыз себеп. Бұл ролик – фейк.
Желіде видеодағы адам туралы ақпарат жоқ. Ол ақ халат киіп алған, бірақ бұл оның дәрігер немесе медицинаға қатысы бар екенін білдірмейді. Псевдодоктор органдардың атын да дұрыс атамайды. Онда қанның сұйық бөлігі сүзгіден өтеді. Түтікшелер су мен тұздар сіңетін иілімдерді қалыптастырады. Ал қалған сұйықтықтан несеп түзіледі.
Бүйрек түтікшелері аурулары қандағы су, минералдар мен қышқылдар тепе-теңдігінің бұзылуына әкелуі ықтимал. Бірақ мұның сағызға ешқандай қатысы жоқ. Негізгі фактор – тұқым қуалаушылық, кейбір аурулар дәрі-дәрмектерден және басқа себептерден туындайды.
Балалардағы бүйрек жеткіліксіздігі – өте қауіпті жағдай. Әдетте бүйрек қалдықтар мен артық сұйықтықты ағзадан шығарып, зәр шығарады. Егер органдар өз функцияларын қалыпты орындамаса, мұның бәрі қанда жиналады. Балаларда болатын бүйрек жеткіліксіздігінің себептері көп. Тұқым қуалайтын факторлар мен туа біткен ақаулар жиі кездеседі.
Әсіресе, Ресейде жаңа туған нәрестелерде жедел бүйрек жеткіліксіздігі көп таралған. Алайда бұл елде соңғы уақытта бүйрек жеткіліксіздігінен 5 жасқа дейінгі балалар қайтыс болып жатқаны туралы ақпарат жоқ. Мұның бәрін ролик авторы ойдан шығарған.
Сағыздың бүйрек ауруы бар және гемодиализбен ауыратын науқастар үшін пайдасын дәлелдейтін зерттеулер бар. Гемодиализ кезінде қан денеден тыс фильтр арқылы өтеді. Оны диализатор немесе жасанды бүйрек деп атайды. Қандағы қалдықтар мен суды сүзуге бағытталған мұндай ем-дом кезінде адамның ауыз құрғап, шөлдейді. Сағыз бұл мәселені шешеді. Сарапшылар гемодиализдегі адамдарға бір апта ішінде күніне бірнеше рет сағыз шайнауға кеңес береді.
Сағыз бүйрек түтікшелерін бітеп, балаларда бүйрек жеткіліксіздігін тудыруы ықтимал деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Ауру туа біткен, генетикалық тұрғыдан анықталған немесе сағызға байланысты емес басқа себептерге байланысты болуы мүмкін.