Дональд Трамп COVID-19-дан негізінен дәрумендермен емделді – фейк
Әлеуметтік желілерде коронавирустық инфекциямен ауырған АҚШ президенті Дональд Трамп иммунитеттің және ең бастысы дәрумендер кешенінің арқасында тез сауығып, жұмысқа орала алды деген пікірлер айтылуда (скринда – осындай хабарламалардың бірі, авторы – қазақстандық блогер Ибраими Малика).
Шын мәнінде, Ұлттық әскери медициналық орталыққа ауыр халде жеткізілген Трамп бірнеше дәрі-дәрмекпен емделген.
Бұл туралы Bloomberg Ақ үйдің емдеуші дәрігері Шон Конлиге сілтеме жасап хабарлайды.
Трамп вирусқа қарсы ремдисивир, антигистаминдік фамотидин, сондай-ақ дексаметазон стероидын, мырыш, D дәрумені, мелатонин және аспирин қабылдады. Сонымен қатар, оған қазір клиникалық сынақ кезеңінен өтіп жатқан тәжірибелік дәрі тағайындалды. Бұл – екі аса тиімді антиденелер қоспасы болып табылатын Regeneron «коктейль терапиясы». Көлік шығындарын қоса алғанда емдеудің жалпы құны 100 мың долларға бағаланды.
Трампқа коронавирустан жазылуға көмектескен вирусқа қарсы ремдевисир препараты әуелі С гепатитін және тыныс алу жолдарының синцитиальды вирусынан туындаған ауруларды емдеу үшін әзірлеген болатын. Сонымен қатар, бұл дәрі Эбола ауруын емдеу үшін сынақтан өткізген.