Алаяқтық

Алаяқтар қазақстандық блогердің атынан жылдам табыс табуды ұсынады

Telegram мессенджерінде қазақстандық блогер Секаның жалған аккаунты пайда болды. Киберқылмыскерлер оның атынан пайдаланушыларға ұтысты алу үшін кем дегенде 100$ инвестиция салуды ұсынады. Бұл алаяқтық схема.

Сека – Серғазы Тоқтарбектің қысқартылған аты. Танымал блогердің YouTube-те авторлық арнасы және Instagram әлеуметтік желісінде аккаунты бар.

Серғазы Тоқтарбектің атынан жылдам табыс табу туралы фейк роликтер Қазнетте бір жылдан астам уақыттан бері таралуда. Біздің сайт алаяқтардың видеоны дипфейк технологиясын қолдана отырып жасағаны туралы жазған болатын.

Вайнердің өзі де ресми парақшаларында жылдам ақша табу туралы жалған хабарламаларды бірнеше рет жоққа шығарған.

«Менің қатысуыммен фейк аккаунттарда ұсынылған кез келген ақпарат – алаяқтардың ісі. Сіздерге берілген уәде – уәде болып қалады. Ақша жібермеңіздер. Ақша табу оңай емес. Шынайы ақпарат, белгісі бар осы парақшада ғана (@sekavines) – деді Сека жазылушыларына арнап жазған сториздерінің бірінде.

Демек, белгілі адамдардың ресми парақшаларында жарияланған ақпаратқа ғана сенуге болады. Секаның Telegram қосымшасындағы ресми арнасы: @sekavines. Өздерін танымал блогер деп таныстырған адамдарға ақша жібермеңіздер.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар

Басқа жаңалықтар

Back to top button