Алаяқтық

ҚР Конституциялық соты төрағасының атынан алаяқтардан зардап шеккендерге төлем жасау туралы жасалған хабарландыру – фейк

Әлеуметтік желілерде алаяқтардан зардап шеккендерге көрсетілетін қызмет туралы хабарландыру шықты. Оларға ұрланған қаражат қайтарылмақ. Постта «алаяқтардан зардап шеккендерге 1000 доллар төлеу туралы заң қабылдаған» ҚР Конституциялық Сотының төрағасы Эльвира Азимованың суреті пайдаланылған. Бұл өтірік.

ҚР Конституциялық сотының ресми сайтында аталған төлемдер туралы хабарламалар жоқ. Мұндай ақпарат беделді дереккөздер де жарияланбаған. Бұл фейк. Бұл алаяқтардың ісі.

Постта ұсынылған сілтеме «Lider» компаниясының сайтына апарады, сипаттамаға сәйкес, ол «онлайн-казинолардан, жосықсыз инвестициялық немесе брокерлік компаниялардан және букмекерлік кеңселерден ақша қайтаруға маманданған». Сайт парақшасы стандартты рәсімделген – компанияның визит картасына ұқсайды. Директор мен қызметкерлердің аты-жөні жазылған суреттер де бар. Сондай-ақ, компания ақшасын қайтаруға көмектескен адамдардың видео пікірлері де ұсынылған.

Желіден суреттерді іздегенде фирма директорының, сарапшыларының және адвокатының фотолары интернеттен алынғаны анықталды. Бұл суреттер иллюстрация ретінде әртүрлі сайттарда қолданылған.

«Ризашылық білдірген клиенттердің» ақшаны қайтарғаны туралы видеолары да жалған. Интернетте осы адамдар өздерін басқаша таныстырып, әртүрлі фирмалардың жұмысы туралы пікір білдіріп, әртүрлі қызметтерді жарнамалаған осындай видеоларды көруге болады. Бұл осы сияқты қызметтерді ұсынатын және тапсырыс бойынша видеолар жазатын жалдамалы «актерлер».

Демек, «Lider» компаниясының сайтында жарияланған ақпарат күмәнді.
Соңғы уақытта интернетте алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды, ол алданып қалған адамдарға ақшаны қайтарып береміз дегенге негізделген. Мұндай хабарландыруға жауап берген адам одан да артық қаражатынан айырылуы мүмкін.

Олай болса, таралған хабарламаға сенбеген жөн.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button