Instagram мен Facebook-те «Самұрық-Қазына» қоры инвестициялау бойынша тегін оқытуды бастағаны туралы жарнама таратылуда.
Бұл алаяқтардың ісі және бұл ақпараттың «Самұрық-Қазынаға» қатысы жоқ, деп хабарлайды холдингтің баспасөз қызметі.
«Әлеуметтік желілерде алаяқтық жағдайлары жиілеп кеткенін хабарлаймыз. Қаскөйлер қордың жалған аккаунттарынан инвестициялау бойынша тегін оқытуды, сайтқа кіруді және т.б. ұсынады. Бұл іс-әрекеттердің қор қызметіне ешқандай қатысы жоқ. Абай болыңыздар, үшінші тұлғаларға дербес деректерді, карточкалық шоттардың деректемелерін және т.б. бермеулеріңізді сұраймыз», – деді «Самұрық-Қазына» өкілдері.