Мошенники обещают работу в Meta
Мессенджерлерде Meta компаниясында қашықтан жұмыс істеу туралы хабарламалар таратылуда. Ол үшін өз орныңды «алып қойып», Telegram-каналға қосылу керек. Бұл – алаяқтық.
Шын мәнінде, Meta-да бәсекелестік өте жоғары болғандықтан жақсы білімі мен жұмыс тәжірибесі бар үміткерлер онда жұмыс істеу үшін өте маңызды іріктеуден өтеді.
Қолжетімді бос жұмыс орындары Metacareers.com сайтында жарияланады. Компания қызметкерлерді түйіндеме тапсырып, сұхбаттасудан өткен адамдарды ғана алады. Онсыз жұмысқа орналасу мүмкін емес.
Яғни, таралған ақпарат Meta компаниясында жұмыс істеу туралы ұсыныс емес.
Оны Telegram-дағы белгісіз чатқа қосылу туралы ұсыныстан да байқауға болады. Бұл қисынсыз, өйткені Telegram мессенджері Meta компаниясына тиесілі емес. Оны әзірлеген және иесі ағайынды Павел және Николай Дуровтар.
Қорыта айтқанда, ақпаратты белгісіз біреулер жасаған, ал ондағы ақпарат жалған болып табылады.