Германияда фейкпен қалай күреседі
Германия халқының үштен бірі құпия күштердің әлемдік қастандық теориясына сенеді. Конрад Аденауэр неміс қорының тапсырысымен Infratest dimap жүргізген сауалнаманың нәтижесі осындай.
Орталық Еуропадағы ең дамыған елдердің бірі жалған ақпаратпен қалай күресетені жайлы Stopfake.kz-тен оқыңыз.
Заңдар
Германия өзін-өзі реттеу және медиа-білімді дамыту арқылы fake news-тің таралуына жол бермейді. Билік азаматтарды күмәнді ақпаратты сенімді дереккөздерден тексеруге шақырады. Халыққа шынайы ақпарат беру баспасөздің басты басымдықтарының бірі болып табылады.
1949 жылы қабылданған ел Конституциясы сөз бостандығы мен баспасөз бостандығына кепілдік береді. Цензура жоқ. (Негізгі заң, 5-бап). Әр адамның сенім бостандығына және өз еркін білдіруге құқығы бар (19-бап).
2018 жылы Германияда желілердегі заңдылық туралы акт (NetzDG) күшіне енді. Құжаттың басты мақсаты – фейк жаңалықтар арқылы қоғамдық пікірді манипуляциялау қаупін азайту. Заң ірі әлеуметтік желілерге қатысты. Олар мазмұнды бақылауға және пайдаланушылардың шағымдарына жауап беруге міндеттелді.
Бұл ережелер екі миллионнан астам пайдаланушысы бар әлеуметтік желілерге қатысты. Германия үкіметі заңға бағынатын 7 әлеуметтік желіні атады. Оның ішінде, Facebook, Instagram, Instagram және Twitter бар. Олар заңсыз жарияланымдарды 24 сағат ішінде жоюы керек. Атап айтқанда, жала жабу, қорқыту, этникалық араздыққа немесе зорлық-зомбылыққа шақыру сияқты жарияланымдарды. Күмәндаған жағдайда, әлеуметтік желі мәселені қарау үшін жеті күнге дейін алуы мүмкін.
Құжатта ГФР Қылмыстық кодексінің 20-дан астам бабы көрсетілген.
Айта кетейік, бұл заңға Telegram бағынбайды, сондықтан түрлі қастандық теорияларын жақтаушылар оны жалған ақпарат тарату үшін қолданады. Сондай-ақ, осы Заң журналистік немесе редакциялық контенті бар сайттарға және жеке қарым-қатынас құруға арналған платформаларға қатысты емес.
Жаза
Әлеуметтік желілерде құқық қолдануды жақсарту туралы заңды (Network Enforcement Act – NetzDG) бұзғаны үшін жеке тұлғалар үшін 5 млн еуроға дейін және заңды тұлғалар үшін 50 млн еуроға дейін айыппұл қарастырылған.
Мысалы, «өте ауыр заң бұзушылықтар (außerordentlich schwer)» А санатындағы порталдар (20 миллионнан астам қолданушысы бар) 40 миллион еуро көлемінде айыппұл төлейді, ал мұндай порталдың жауапты менеджері – 400 мың көлемінде айыппұл салынады. «Шағын бұзушылықтар (leicht)» үшін айыппұлдар әлдеқайда төмен – портал үшін 1 миллион және менеджер үшін 10 мың.
Егер әлеуметтік желі әрекет етпесе, пайдаланушы Әділет министрлігіне жүгіне алады. Егер агенттік бұл бер рет емес, «жүйелі» түрде орын алатын мәселе екенін анықтаса, онда компанияға 50 миллион еуроға дейін айыппұл салынады.
ГФР Қылмыстық кодексіне сәйкес қорлау үшін (185 – бап) бір жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе айыппұл, ал егер қылмыс шабуыл жасау арқылы жасалса, екі жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе айыппұл қарастырылған.
Егер жала жапқаны дәлелденсе (186-бап), бұзушы бір жылға дейін түрмеге қамалады немесе айыппұл төлейді, ал егер бұл әрекет көпшілік алдында немесе жазбаша шығармаларды тарату арқылы жасалса, екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы немесе айыппұл қарастырылған.
Германия Қылмыстық кодексінің 187-бабы бойынша басқасына қатысты жалған дерек айтқан немесе таратқан кез келген адам екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға немесе айыппұл салуға, ал іс-әрекет жария түрде жасалған жағдайда бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға немесе айыппұл салуға жазаланады.
Саясаткерлерге жала жапқаны үшін (188-бап) үш айдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Германияда фейкпен күресу үшін Федералды ішкі істер министрлігінің жанынан арнайы жалған хабарлама таратудан қорғау орталығын құру ұсынылуда.
2020 жылы Германия баспасөз бостандығы рейтингісінде позициясын шақсартты – 13-ден 11-ші орынға көтерілді.