Fake News

Фейк: «Сингапурда адамдардың етін пісіруді үйретеді»

Қазнет пайдаланушылары ерекше роликті талқылауда. Кадрларда бір әйел күркетауықты қалай дұрыс дайындау керектігі туралы айтады, бірақ үстелде күркетауықтың орнына жалаңаш адам жатыр. Пайдаланушылардың айтуынша, бұл видео каннибализм туралы және оны қоғамда қалыпты деп санауға бағытталған. Бұл жалған.


Шын мәнінде бұл видео – PRISM+ сингапурлық өндірушісінің Q series Ultra QLED Google TV жаңа теледидар сериясының жарнамасы. Оның мәні – көрерменді жаңа теледидарлар экранында болып жатқан оқиғаларға кіріп кету әсері қаншалықты күшті екенін жеткізу.
Компания Q Ultra QLED Google TV сериясына үш жарнамаға тапсырыс берген. Ерекше аспаздық шоудан бөлек, рок-концерттің видеосы және детективтік драмадан үзінді бар. Әжесі немерелерімен бірге концерт көріп отырады, оның әсер алғаны сонша, ол тіпті өзін сахнада вокалист ән айтып тұрған микрофондай сезінеді. Жарнамалық ролик сюжеті бойынша жас жұбайлар драма көріп отырады. Оларға сюжет пен кескін сапасының ұнағаны сонша, тіпті олар өздерін жауап алу бөлмесінде отырғандай және детектив денелеріне пышақ салып жатқанын сезеді.
Бұл роликтердің ешқайсысы каннибализмді насихаттамайды, оны меңземейді де. Қазнетте таралған хабарлама контекстен үзіп алынған және бұрмаланған. Шын мәнінде, видеода теледидардың жаңа сериясы жарнамаланған, әдеттен тыс жарнамалар арқылы өндіруші керемет әсер тудыратын видео мен дыбыстың сапасына баса назар аудармақ боғлан.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button