Фейк: «5G толқыны Қазақстанда бұлттардың құрылымын өзгертеді»
Қазақстандық блогер өзінің «Правдоискатель Конспирология» YouTube-каналында оған ерекше болып көрінген бұлттардың видеосын жариялаған. Оның пайымдауынша, толқынды бұлттар 5G толқыны әсерінен пайда болады. Бұл олай емес.
Біріншіден, видеода аса түйдек бұлттар көрсетілген. Бұл әдеттен тыс жайт емес. Олар көптеген факторларға байланысты жылдың кез келген мезгілінде қалыптасуы мүмкін. Көбінесе мұндай бұлттардан жауын-шашын жауады.
Екіншіден, қазіргі кезде Қазақстанда технология әлі іске қосылмағандықтан 5G толқынының болуы мүмкін емес. Ол үшін жабдықтар сатып алынбаған және қажетті лицензиялар алынған жоқ. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Сондай-ақ, бұған дейін ДДСҰ 5G форматындағы желілердің коронавирустың таралуымен байланысын жоққа шығарған болатын.