Fake News

Әлеуметтік желілерде француз генералының вакцинация туралы фейк хабарламасы тарады

Әлеуметтік желілерде француз генералы Кристиан Бланшонның COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған адамдарға үндеуін оқыған ер адамның видеосы тарады. Франция әскерінің өкілі шынымен бұл хабарламаның авторы ма?

Алғашқы дереккөздердің бірі – Medias Presse ақпараттық сайты. Онда Кристиан Бланшонның хаты 2022 жылдың 10 қыркүйегінде шыққан. (https://fr.linkedin.com/in/christianblanchon) Француз генералы COVID-19-ға қарсы вакцинациядан бас тартқан адамдарға тәнті болған. Оларды ерекше және қаһарман деп санаған. Олар жан-жақтан көрсетілген қысымға төтеп беруде. Бір қызығы Бланшон Facebook-те де, Instagram-да да өз сөзін жарияламаған.

Келесі күні генералдың үндеуі бұрынғы жандарм Рональд Гийомонның сайтында жарияланды.  Осыдан кейін бүкіләлемдік ғаламторда тарады. Қазан айында Бланшонның хабарламасымен америкалық RAIR foundation ұйымы және Christians for Truth конфессиялық емес христиандар тобы бөлісті.

Бірақ генералдың айтқаны деп ұсынылып отырған мәтінге ұқсас мәтін бұған дейін шыққан.  2022 жылдың 26 шілдесінде оны Telegram арнасында өз атынан испан биологы және деректі кинорежиссер Фернандо Лопес-Миронес жариялаған.

Ал 2022 жылдың 11 қыркүйегінде Фернандо Лопес-Миронестің коронавирусқа қарсы вакцинацияланбағандарға жолдаған үндеуін Le Média en 4-4-2 сайты жариялады. Аталған француз ақпараттық порталы қастандық теорияларын ұдайы жариялайды.

2023 жылдың мамырында Deutsche Presse-Agentur неміс тәуелсіз редакциялық тобы егілмеген адамдарға арналған үндеудің авторын анықтамақ болды. DPA фактілерді тексерген кезде Фернандо Лопес-Миронес пен Кристиан Бланшонның мәтіндері өте ұқсас екенін анықтады. Демек, француз генералының бұл ақпаратқа қатысы жоқ және бұл сөздерді айтпаған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button