Fake News

Фейк: «ДДСҰ барлық елдерді құлдыққа алу үшін COVID-19 және вакциналар туралы жалған ақпарат таратты»

Telegram-арналарда Хорватия Парламентінің депутаты Мислав Колакушичтің сөйлеген сөзінің видеосы пайда болды. Оның айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы барлық елдерді құлдыққа айналдыру жоспарын дайындап жатыр, ол үшін COVID-19 – бұл белгісіз ауру және оған қарсы вакциналар қауіпсіз және тиімді деген өтірікті әдейі таратқан. Бұл рас па? Анықтайық.

Алдымен Мислав Колакушичтің кім екенін айтайық. Бұл хорват заңгері, тәуелсіз кандидат ретінде Хорватиядан Еуропалық парламенттің депутаты болып сайланған саясаткер. Ол ДДСҰ-ны террористік ұйым деп тану туралы ұсыныстарының арқасында танымал болды. Сондай-ақ ол COVID-19 пандемиясы туралы негізсіз және жалған мәлімдемелер таратқан.
Демек, Колакушичтің айтқанының бәріне сөзсіз сенуге болмайды.
Енді оның ДДСҰ-ның жоспарлары мен жалған мәлімдемелеріне қатысты сөзін талдайық. Саясаткердің айтуынша, ДДСҰ адамдарды COVID-19 жаңа ауру деп алдаған. Бұл өтірік емес.
COVID-19 қоздырғышы – SARS-COV-2 коронавирусы, ол туралы адамзат 2019 жылдың желтоқсанында ғана білді. Ал басқа коронавирустар он жылдан астам уақыттан бері бар. Олардың көбі адамдар үшін қауіпті емес және тек жануарларға ға жұғады. Кейбіреулері адамдарда жалпы суық тиюді, басқалары, мысалы, SARS және MERS, тыныс алудың ауыр ауруларын тудырады. Осылайша, коронавирустар, адамзат үшін жаңалық емес, бірақ SARS-CoV-2 қоздырғышы бұрын беймәлім болған.
Сонымен қатар Колакушич COVID-19 қарсы вакциналар қауіпсіз емес және тиімсіз дейді. Шындығында, вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігі клиникалық зерттеулермен дәлелденген. Көптеген препараттар әртүрлі елдерде ондаған сынақтан өтті. Бұл сынақтардың қайда және қалай өткені және қандай нәтижелер көрсеткені туралы ақпарат баршаға қол жетімді.
ДДСҰ қатысушы елдердің үстінен билікті тартып алуды жоспарлап отыр деген тезисті конспирологтар ойлап тапқан және ол бірнеше рет жоққа шығарылды. Ол қатысушы елдерге қабылдау ұсынылған «Пандемия келісімі» деп аталатын бұрмаланған түсінікке негізделген. Қастандық теориясын жақтаушылардың сөзінше, онда елдер ДДСҰ-ға өз егемендіктерін беретін нормалар қарастырылған. Шындығында, ондай ештеңе жазылмаған, келісімнің қорытынды нұсқасын елдердің өздері жасайды, олар оған қажет деп тапқан тармақтарды қосады.
Олай болса, хорват депутатының сөздері жалған. ДДСҰ COVID-19 пандемиясы туралы мәлімдеп, алдаған жоқ және қатысушы елдердегі билікті тартып алуға ниетті емес.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button