Fake News

Фейк және манипуляция: «Жатырды трансплантаттау алдағы 10 жылда ерлердің жүкті болуына мүмкіндік береді»

Интернетте және мессенджерлерде алдағы 10 жылда ер адамдарға жатырды трансплантаттау жүзеге асырылатыны туралы ақпарат тарады. Ол үшін этикалық тосқауылды еңсеру керек, сонда ер адамдар жүкті бола алады. Бұл рас па? Анықтайық.

Бір әйелдің жатырын екіншісіне трансплантаттау жаңалық емес. Мұндай алғашқы операция 2014 жылы Швецияда жасалды. Содан бері әлем бойынша 100-ге жуық ота жасалды, осылайша АҚШ пен Швецияда, Франция мен Германияда, Түркия мен Бразилияда, Үндістан мен Чехияда, Қытайда әйелдер 50-ден астам нәрестені дүниеге әкелді.

Ал Ұлыбританияда дәрігерлер жатыр трансплантациясын алғаш рет жасады: 40 жастағы әйел өз мүшесін сіңлісіне берді.

Оксфорд ауруханасында жасалған осы операцияға дейін бір апта бұрын БАҚ америкалық трансплантолог-хирургтарына қатысты жаңалық таратты. Олар болашақта ер болып туған, бірақ кейін жынысын ауыстыру бойынша операция жасатқан трансгендер әйелге жатырды трансплантаттау «медициналық тұрғыдан мүмкін» болады деп мәлімдеді.

Бұл туралы күн сайын шығатын британдық The Daily Telegraph газеті Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Алайда, медицинада мұндай серпіліс жасаудың мерзімі туралы айтуға әлі ерте. Трансгендер әйелдерде жынысын ауыстыру бойынша алдыңғы операциялардың салдарынан гормоналды фонның сәйкес болмау қауіпі жоғары болуы ықтимал. Ал ердің жыныс мүшелері бар адамдарға ана болу әлдеқайда қиын.

Сонымен қатар Ұлыбритания дәрігерлерінің сөзінше, трансгендер әйелдердің жамбас пішіні мен анатомиясы басқаша болады және жатырға баратын тамырлар жоқ. Олар бұл кедергілерден өтуге тиіс, бұған кем дегенде 10-20 жыл қажет.

«Біз 2010 жылғы гендерлік теңдік туралы заң цисгендер мен трансгендер әйелдерге бірдей қарауды талап ететінін жақсы білеміз. Бірақ техникалық жағынан бұл мүмкін. Ал қазіргі уақытта техникалық мүмкіндік жоқ», – деп түсіндірді Лондон императорлық колледжінің кеңесші хирург-гинекологы профессор Ричард Смит «Дейли телеграфқа» берген сұхбатында.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындыласақ, әлеуметтік желілерде тараған хабарлама – фейк және манипуляция. Бастапқы ақпарат көзінде жатырды ерлерге емес, ер адам болып туған, жынысын өзгерту операциясын жасатқан транс әйелге мүшені транспланттау туралы айтылған. Алдағы 10 жылда мұндай транспланттау мүмкін болмайды, дәрігерлердің айтуынша, кедергілерді еңсеру үшін 10-20 жылдан астам уақыт қажет болады. Бұл үшін «этикалық тосқауылды» бағындыру жеткіліксіз, кем дегенде гормондар, жамбас сүйектерінің пішіні мен анатомиясы, қан тамырларының анатомиясы мәселесін шешу керек, бұл үшін жай көндіру аз болады. Мұндай операцияны ер адамға жасау болашақта да мүмкін болмайды, өйткені ол алдымен жынысын өзгертуі керек.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button