Асыра сілтеу: «Құлаққаппен музыка тыңдағанның салдарынан есту қабілетінен айырылуыңыз мүмкін»
Қазақстандықтар мессенджерлерде құлаққаппен музыка тыңдауға бомлайтыны туралы жазылған суретті таратуда. Бұл әдет есту жасушаларының зақымдалуына және адамның саңырау болып қалуына себеп болады екен. Бұл асыра сілтеп айтылған.
Құлаққаппен музыка тыңдап, саңырау болып қалу салатқа көкөніс турап жатып, саусағыңызды кесіп аламын дегенмен бірдей. Әрине, мұндай жағдайдың орын алу ықтималдығы өте төмен.
Шамадан тыс қатты дыбыстың әсерінен есту қабілетіне зиян келтіріледі. Егер дыбыс ащы болса, бірден немесе адам ұдайы қатты дыбыстарды тыңдап жүрсе біртіндеп болады, мысалы, шулы өндірісте жұмыс істегенде.
Егер құлаққапты дұрыс қолдансаңыз, олар есту қабілетінің бұзылуына себеп болмайды. АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметтері бойынша, құлаққаптағы дыбыстың ең қатты дыбысы орта есеппен 105-тен 110 децибелге дейін. Егер музыканы максималды дыбысты 80% қойып, яғни шамамен 85 децибелде тыңдасаңыз, онда бұл шу деңгейі ірі қалада көлікте отырған адамға естілетін автомобиль трафигінің шуына тең деуге болады. Мұндай шудың тұрақты және ұзақ уақыт әсер етуі жылдар бойы есту қабілетінің төмендеуіне әкелуі мүмкін, бірақ адам керең болып қалмайды. Егер музыканы құлаққаппен ақырын қойып тыңдасаңыз, онда есту қабілеті төмендейді деп қорықпауға болады.
Колорадо университеті ауруханасының аудиологы, доктор Кори Портнафф The New York Times газетіне мләм еткендей, құлаққапты есту қабілетіне аса әсер етпейтіндей пайдалану үшін қарапайым ережені сақтау керек:
«Құлаққаппен музыканы тәулігіне 90 минут максималды дыбыстың 80% қойып, тыңдауға болады. Егер одан да ақырын қойсаңыз, онда көбірек, ал қатты қойсаңыз аз уақыт тыңдай аласыз. Яғни, егер қатты дыбысты 60% немесе одан ақырын қойсаңыз, онда музыканы күні бойы тыңдауыңызға болады».
Егер музыканы құлаққаппен қатты қойып, күні бойы немесе көп сағат бойы тыңдасаңыз, ғалымдардың пікірінше, көп жылдан кейін мұндай практика есту қабілетінің нашарлауына әкелуі мүмкін. Алайда, ең пессимистік болжамдар бойынша да құлаққапты дұрыс пайдаланбау салдарынан есту қабілетін толығымен және тез жоғалту мүмкін емес екенін түсіну маңызды.
Қорыта айтқанда, таралған хабарлама асыра айтылған. Құлаққаппен музыка тыңдау есту қабілетінің толық жоғалуына әкелмейді. Егер құрылғыны дыбысын 60-70% қойып тыңдасаңыз, есту қабілеті төмендемейді.