Дәлелсіз: «2025 жылы денсаулық сақтау саласында жаһандық оқиға болады»
Әлеуметтік желілерде 2025 жылы денсаулық сақтау саласында болатын жаһандық оқиға туралы жазылуды. Мұны 2025 жыл туралы жиі айтылатын келесі пандемияға дайындық жоспарларынан байқауға болады. Бұл рас па? Тексерейік.
Пайдаланушылар бұл теорияның дәлелі ретінде екі фотосуретті ұсынады. Біреуінде коммуникация мамандарына арналған «The SPARS pandemic 2025-2028» оқу ойынының сценарийінің мұқабасы, ал екіншісінде Чикаго университетінде түсірілген бағдарламаның тақырыбын көрсетілген. Әрқайсысын жеке қарастырайық.
Байланыс саласындағы мамандар өкілдеріне арналған «The SPARS pandemic 2025-2028» оқыту ойынының сценарийін Джонс Хопкинс денсаулық қауіпсіздігі орталығы әзірлеген. Оның көмегімен байланыс саласы қызметкерлеріне денсаулық сақтау саласында төтенше жағдай кезінде баспасөзбен және жұртшылықпен қалай байланыс құруға болатыны үйретілді. Сценарийге негіз ретінде COVID-19 пандемиясы алынған, бірақ кейбір өзгеріс енгізілген. Ойдан шығарылған вирус SPARS деп аталды. Ал пандемия 2020 жылы емес, 2025 жылы басталған. Сюжет желісі де ойдан шығарылған және сценарийдің алтыншы бетіндегі дисклеймерде айтылғандай болашаққа жоспар болып табылмайды.
Чикаго университеті таратқан «COVID-2025» видео роликтер сериясы да болашаққа жоспар емес және оны болжамайды. Осы серия аясында университеттің түлектері мен серіктестері бес жылдан кейін COVID-19 пандемиясы біздің өмірімізді қалай өзгертетіні туралы пікір айтады.
Мысалы, әлеуметтік желілерде таралған суретте жұқпалы аурулар жөніндегі маман Эмили Лэндонның қатысуымен роликтің шығатыны хтуралы абарланады. Бұл видеоны Желіден тауып, онда 2025 жылы жаңа пандемия болатыны туралы ештеңе айтылмағанына көз жеткізуге болады.
Демек, көрсетілген екі суреттің ешқайсысы 2025 жылы әлемде денсаулық сақтау саласында қандай да бір жаһандық оқиға болатынын дәлелдемейді. Демек, таралған ақпарат – фейк.