Фейк: «Өрт белгісіз сәулелерден шыққан»
Instagram-да пайдаланушылар Гавайидегі алапат өртті талқылауда. Кейбір адамдардың пікірінше, өрттің шығуына белгісіз сәулелер себеп болған. Бұл жалған.
Мауи аралындағы өрттер 2023 жылдың 7 және 8 тамызында орын алды. Оқиға салдарынан 12 мыңнан астам халқы бар жағалаудағы Лайханас қаласы толығымен жойылды.
Әзірге өрттің нақты себептері анықталған жоқ. Ол бұрын-соңды болмаған ыстық пен құрғақшылықтан болуы ықтимал. Өрт ошақтары Гавайи аумағынан өткен Дора дауылымен тараған.
Болған оқиғаға ешқандай сәуле кінәлі емес және куәгерлер ондайды байқамаған. «Энергетикалық қару» туралы қауесеттер Желіде өрт сөндірілгеннен кейін пайда бола бастады. Олардың барлығы жалған, ал «сәулелердің» суреттері қолдан жасалған.
Таралған ақпаратта ұсынылған екі сурет те. Ғимараттың төбесіне бағытталған «сәуле» бейнеленген бірінші сурет графикалық редакторларда өңделген. Бұл фотосуретті Мэттью Тайер түсірген және ол Associated Press сайтында жарияланған. Онда сәуле жоқ.
Оған қарап, фейк авторлары сәулені салмас бұрын суретті әдейі кесіп, айнадағыдай етіп салған. Бұл суретті кері іздеу жүйесінде түпнұсқамен байланыстырмас үшін жасалған болар.
Екінші сурет TikTok-та жарияланған қысқа видеодан алынған. Жарқын жарық бағанасы мен аспандағы найзағай бейнеленген ролик сhatoaguirre7 атты пайдаланушының аккаунтында шыққан.
Оның айтуынша, видео Мексиканың Пуэрто-Вальярта қаласында түсірілген. Демек, оның Гавайидегі өрттерге ешқандай қатысы жоқ. Видеода көрсетілген ерекше құбылысқа келетін болсақ, оны таралған кадрларға қарап, түсіндіру қиын. Дегенмен, өрттің одан шықпағаны анық.
Қорыта айтқанда, таралған сурет те, қысқа видео ролик те Гавайидегі өрттердің белгісіз сәулелерден болған деген теорияны дәлелдемейді. Демек, бұл хабарлама – фейк.