Fake News

Фейк: «Италияда әлеуметтік несие жүйесі енгізілуде»

Әлеуметтік желілерде Италияда әлеуметтік рейтингті іске қосу жобасы және CBDC – орталық банктің цифрлық валютасына байланысты электрондық әмияндар енгізіліп жатқаны туралы жазылуда. Бұл қаншалықты рас? Түсіндірейік.

2023 жылдың наурыз айының соңында Италияның Болонья қаласының мэрі Маттео Лепоре қала билігі мен тұрғындар арасындағы байланысты жеңілдетуге бағытталған арнайы қосымшаның пилоттық режимде іске қосылғанын жариялады. Оның көмегімен қала тұрғындарына муниципалитет қызметтері онлайн режимде көрсетіледі, сондай-ақ олар қаланың тыныс-тіршілігі туралы өзекті ақпарат ала алады. Бұл ретте қосымша қызметтерді алудың бұрынғы форматын алмастырмайтыны атап өтілді. Адамдар бұрынғыдай қалалық әкімдікке тікелей хабарласа алады.

Сондай-ақ 2023 жылдың қыркүйегінен бастап пилоттық режимде «Адал азамат портфолиосы» қосымшасы іске қосылады. Оның көмегімен қоқысты бөлек жинау, су мен электр энергиясын ұтымды пайдалану, жеке көліктің орнына қоғамдық көлікті пайдалану және т.б. үшін ұпай жиналады. Бұл ұпайларды мұражайларда, театрларда, қоғамдық көліктерде және басқа жерлерде жеңілдіктерге айырбастауға болады.

Бұл қосымша ерікті түрде пайдаланылады. Егер адамның оны қолданғысы келмесе, онда оны жүктеудің қажеті жоқ. Қосымша қазірдің өзінде сынға ұшырады, өйткені сипаттамаға сәйкес онда пайдаланушылар деректері көп жиналады және олардың қаншалықты сенімді қорғалатыны белгісіз.

«Адал азамат портфолиосы» жобасының орталық банктің (CBDC) цифрлық валютасына ешқандай қатысы жоқ. Сонымен қатар CBDC Италияда пилоттық режимде іске қосылған және кеңінен қолданылмайды. 

Қорыта айтқанда, Италияда әлеуметтік несие жүйесін енгізу туралы хабарламалар жалған. Мұндай бағдарламаны енгізу жоспарланып отырған жоқ. Болоньяда пилоттық режимде қоқысты бөлек жинау және ресурстарды ұтымды пайдалану үшін жеңілдіктер алуға мүмкіндік беретін қосымша іске қосылмақ. Бұл ретте қосымшаны әркім өз еркімен пайдалана алады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button