Fake News

Қазақстанда денсаулыққа қауіпті дезинфекциялық заттар қолданылмайды

Желіде Қазақстанда қоғамдық көліктер дезинфекциялау кезінде денсаулыққа қауіпті заттармен өңделетіні туралы ақпарат таратылуда. 


Фотода қолданылатын заттың құтысы көрсетілген. «Продез» деп аталатын құрал Беларуссияның «БелАсептика» зауытында шығарылады.
ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау комитеті бұл заттың Қазақстанда қоғамдық көлікті өңдеу үшін қолданылатыны туралы қауесетті терістеді.

– Бұл дезинфекциялық құрал Қазақстанда тіркелмеген. Бізде қолдануға ұсынылған дезинфекциялық заттардың тізілімі бар, онда «Продез» жоқ. Оны еліміздің бірде-бір өңірінде пайдаланбайды, – деп хабарлады Комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Сондай-ақ ол Қазақстанда қолданылатын барлық дезинфекцилау құралдарының адамдар үшін қауіпсіз екенін және ерітінділерді дайындау үшін ұсынылатын пропорциялар көрсетілген қолдану жөніндегі нұсқаулықтары бар екенін атап өтті.

Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз. Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты Telegram-ға – t.me/stopfake_kz немесе +7 707 739 5599 What’s App номеріне жіберіңіз.

Фейктерді әшкерелеу – біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button