Пікірлер
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті судағы тырысқақ таяқшасы туралы хабарламаны теріске шығарды
WhatsApp-та құбырдағы суда тырысқақ таяқшасы болуы ықтимал деген ақпарат тарады. Бұл шындыққа сәйкес келмейді.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты теріске шығарды.
– ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әлеуметтік желілерде таралып жатқан ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Сондықтан жалған (фейк) ақпаратты таратпауды сұраймыз, ресми көздерден алынған ақпаратты пайдалануға шақырамыз, – деп хабарлады ведомстводан.
Судағы тырысқақ таяқшасы туралы фейк алғаш рет 2022 жылы Ресейде шыққан.