Дәлелсіз: «Еуропада балалар анасына тым жақын болғаны үшін ата-ана құқығынан айырады»
Әлеуметтік желілерде Еуропада балалар анасы мен әкесіне «қатты» байланып қалғандықтан ата-ана құқығынан айыра бастады деген ақпарат тарады. Ата-аналарын жақсы көремін деп айтқан балаларды мектептен балалар үйіне алып кетеді екен. Бұл олай емес.
Таралған хабарламада румын жаңалықтар порталдарының бірінде жарияланған мақалаға сілтеме ұсынылған. Онда ата-аналарын жақсы көретін балаларды тартып алу ЕО-ның жаңа саясаты делінген.
Еуропарламент мұндай заңдар мен қаулылар шығармаған.
Румынияда балаларды жақсы көргені үшін адамдарды ата-ана құқығынан айыруға мүмкіндік беретін заңдар да жоқ. Онда ата-аналар мен балалардың құқықтары 2004 жылғы 21 маусымдағы № 272 «Балалардың құқықтарын қорғау және көтермелеу туралы» заңмен реттеледі. Онда ата-ана маскүнемдікке салынса, есірткіге тәуелді болса, зорлық-зомбылық қылмыстар немесе адам саудасы үшін сотталса, балаға немесе екінші ата-анаға қатысты қандай да бір зорлық-зомбылық жасаған жағдайда ата-ана құқықтарын атқарудан бас тартуы мүмкін делінген.
Сондай-ақ таратылған хабарламада айтылған мақалада Германияда жүргенде жеті жасар қызын тартып алған румын әйел туралы жазылған. Қыз мектеп мұғаліміне анасын сағынатынын және үйіне барғысы келетінін айтқан. Осыдан кейін бала мектептен тура асырап алушының отбасына беріліп, оған анасымен көрісуге тыйым салынған екен.
Бұл оқиға туралы румын бұқаралық ақпарат құралдары жазды, бірақ барлық порталдарда ақпарат бірдей болды: қыздың анасы оқиғаның мән-жайын толық айтпады және баланың анасына деген сүйіспеншілігі үшін тартып алғанына ешқандай дәлел келтірмеді.
Оқиға 2021 жылдың шілдесінде жария болды. Алайда, сол жылдың қаңтарында қыздың анасы Михаэле Зайлер туралы жаңалықтарда айтылды. Онда Михаэла баланы бұрынғы күйеуі алып кеткенін айтқан, ал қыздың шамадан тыс сүйіспеншілігі туралы сөз болмаған.
Бұл екі оқиғаның арасында ешқандай байланыс жоқ: бұрынғы күйеуі баланы анасына қайтарып берді ме, жоқ па, егер қызды Михаэлеге қайтармаса, оны алты айдан кейін одан қалай тартып алғаны түсініксіз.
Оқиға кейіпкері мән-жайды толық айтпай отыр және оның баладан айырылуының нақты себептерін көпшілікке білу мүмкін емес.
Демек, Еуропада балаларды ата-аналарынан жақсы жақсы көргені үшін тартып алатынына ешқандай дәлел жоқ. Мұндай заңдар Еуропарламентте де, Румыния Үкіметінде де қабылданбаған, ал мақалада айтылған оқиға дәлелсіз.