Конспирология: «Жаңа туған нәрестелердің қаны Ватиканға жіберіледі»
Әлеуметтік желілерде перзентханаларда жаңа туған нәрестелердің өкшесінен алынған қан Ватиканға жіберіледі деген ақпарат тарады. Бұл өтірік және конспирология.
Перзентханада жаңа туған нәрестелерден қан өкшесінен қан алынады. Себебі сәбилердің мұндай медициналық процедура үшін тым кішкентай.
Бірқатар ауруларды ерте анықтау үшін перзентханаларда нәрестелерден қан алынады. Бұл неонатальды скрининг деп аталады. Қазақстанда оны өткізу тәртібі «Скринингті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 9 қыркүйектегі бұйрығымен бекітілген. Құжатта жаңа туған нәрестелерді фенилкетонурияға және туа біткен гипотиреозға жаппай зерттеп – қарау, фенилаланин мен тиреотропты гормонның деңгейін анықтауға қан талдауы жүргізілетіні жазылған.
Қан алу тәртібі скринингті ұйымдастыру қағидаларына 4-қосымшада сипатталған. Онда жаңа туған нәрестенің өкшесі 2 мм аспайтын тереңдікке теседі делінген. Қанның бірінші тамшысын стерильді құрғақ тампонмен алып тастайды. Содан кейін бланкілерді кептіргеннен кейін су өткізбейтін төзімді конвертке жинап, буып-түйіп, зертханаға жібереді. Қағидаларда Ватиканға жіберу туралы жазылмаған.
Сәбилердің қаны Ватиканға қажет деген идеялар тірі егемен адамдар туралы қастандық теориясынан шыққан. Оған сәйкес, халыққа тиесілі алтынның көп бөлігі Ватикан мен Англияда сақталуда. Әр адамға туған кездегі салмағына тең көлемде алтын тиесілі екен. Егемен адамдар қозғалысын жақтаушылардың пікірінше, Қасиетті Тақ пен ағылшын корольдік отбасының мүшелері мұны мұқият жасырады және оларға діни қызметкерлер мен патшаларға алтын алу құқығын берудің белгісі ретінде сәбилердің қанын жіберуді талап етеді екен.
Мұның бәрі ойдан шығарылған. Ватиканда Жер бетінде туған барлық балалардың қан үлгілері жиналатынын айтпағанда, мұндай алтын қорларының бар екендігіне ешқандай дәлел жоқ.
Демек, перзентханаларда нәрестелерден қанды Ватиканға жіберу үшін емес, балада қандай да бір аурулардың бар-жоғын барынша ертерек анықтап, оның өмірін сақтау үшін алады.