Манипуляция

Манипуляция: «Жасару үшін қарттарға нәрестенің қаны құйылады»

Әлеуметтік желі қолданушылары АҚШ-та кеңінен қолданылатын жасарудың ерекше әдісі туралы жазуда. Онда қарттарға балалар мен жасөспірімдердің қанын құяды екен. Пайдаланушылардың айтуынша, жаңашылдықтың  танымалдылығы артқан сайын жыл сайын жоғалып кеткен балалар саны да өскен. Бұл рас па? Анықтайық.

Instagram-дағы постта даулы жоба «Амброзия» деп аталады. Бұл сөз арқылы Желіден іздегенде АҚШ-та бұлай аталатын жоба жоқ, ал компания бар екені анықталды. Ол 2015 жылы егде жастағы адамдарға жастардың қанын құюмен айналысқан.

Алайда, компанияның балаларды ұрлауға қатысы жоқ. Олар клиникалық сынақтар аясында қарияларға 16-25 жас аралығындағы адамдардың қан плазмасын құйған. Бұл ретте плазма заңды түрде қан банкінен сатып алынған. АҚШ-та ата-анасының жазбаша келісімі болған жағдайда 16 жастан асқандар қан доноры бола алады. 

Жүргізілген сынақтар мұндай жасару әдісінің тиімділігін дәлелдеген жоқ. 

2019 жылы АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын қадағалау басқармасы (FDA) қан құюды негізсіз себептермен қауіпті деп тауып, нақты көрсетілімдер болмаса, процедураны жүргізбеуге кеңес берді. 

Қазіргі кезде жасарту мақсатында жас донорлардың қанын егде жастағы адамдарға құю жүргізілмейді. Жоғарыда айтылғандай – мұндай процедураның тиімділігі дәлелденген жоқ және қауіпсіз болып саналмайды.

Демек, желіде таралған ақпарат – манипуляция. Бұл әдіс сыналды, бірақ ол әлемде ешбір елде қолданылмайды және ол үшін балаларды ұрламайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button