Fake News

Фейк: «ДДҰ әйелдерді сіреспеге қарсы вакцинация деп зарарсыздандырды»

Қазақстандықтар Telegram мессенджерінде 1990 жылдары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бала туу жасындағы әйелдерге сіреспеге қарсы жаппай вакцинация жүргізді деп жазуда. Кейіннен қолданылған препарат бедеулікке әкелгені анықталған екен. Бұл шындыққа жанаспайды. 

Шындығында, бедеулік тудыратын сіреспеге қарсы вакцинасы туралы қауесет 1190 жылдары тараған ескі фейк. Оған уақытша контрацептив және сіреспеге қарсы вакцина болып табылатын аралас препаратты әзірлеу туралы ақпарат негіз болды. Оны Үнді дәрігері Гурсаран Прасад Талвар жасаған. 1992 және 1993 жылдары препарат 148 еріктіде клиникалық сынақтан өткізілді. Нәтижелер әйелдердің тек 80%-нда ғана вакцина жүкті болу қабілетін уақытша тежегенін көрсетті. Осыған байланысты препарат тиімсіз деп танылып, сынақтан тыс уақытта мүлдем қолданылған жоқ. 

ДДҰ бастаған дамушы елдердегі жаппай егу науқандарында бұл вакцина ешқашан пайдаланылмаған. Әйелдерге де, ерлерге де фертильділікке әсер етпейтін препараттар егілді.

Демек, бедеулік тудыратын сіреспеге қарсы вакцина туралы қауесет бірнеше рет жоққа шығарылған ескі фейк болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button