Fake News

Фейк: «GPT Чаты қазірдің өзінде 35 миллион адамды жұмыстан шығарды»

Әлеуметтік желілерде жасанды интеллекттің дамуы, атап айтқанда GPT чатының құрылуы қазірдің өзінде 35 миллион адамның жұмысынан айырылуына әкелді деген ақпарат тарады. Бұл олай емес.

 

Бұл жаңалық Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер айтқандай ұсынылған. Жұмыссыз қалған миллиондаған адам туралы ақпаратта оның суреті қойлған.
Осы тақырып бойынша Желіден іздегенде ештеңе шықпайды. Ал дәл осындай фотосурет Карин Жан-Пьерге арналған Википедия парақшасынан табылды. Ол 2021 жылы 26 мамырда Ақ үйде түсірілген екен.
GPT-чат ретінде белгілі GPT3 жасанды интеллектісі ол кезде әлі әзірленбеген болатын. Оның пилоттық нұсқасы 2022 жылдың 30 қарашасында ғана пайда болды. Яғни, Карин Жан-Пьердің 2021 жылдың мамырында GPT чатына байланысты жұмысынан айырылғандар туралы мәлімдеме жасауы ммүкін емес.
Бүгінгі таңда сарапшылар аталған жасанды интеллект кейбір күнделікті істерде адамдарды алмастыра алатынын айтуда, дегенмен, жаппай жұмыссыздық орын алмайды. Брюссельдегі Bruegel талдау орталығының Future of Work тобының жетекшісі және ғылыми қызметкері Лаура Нурски Al Jazeera тілшісімен сұхбатында жасанды интеллект адамдарды алмастырмайды, тек олардың жұмысын толықтырып, оны тиімдірек және өнімдірек етуі мүмкін екенін айтты.

Жасанды интеллектті енгізу үлкен деректер мен машиналық оқытудан ақпараттық қауіпсіздік пен цифрлық маркетингке дейінгі заманауи салаларда жаңа жұмыс орындарын ашады. 
Демек, 35 миллион адам жасанды интеллекттің әсерінен жұмысынан айырылды деген мәлімдемелер негізсіз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button