Fake News
Фейк: «Астанада Жаңаөзен тұрғындары үшін визалық режим енгізіледi»
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде елордаға Жаңаөзеннен және «басқа да наразылық білдірген қалалардан» келген адамдарға виза алуға тура келетіні туралы ақпарат тарады. Бұл өтірік.
Бұл ақпаратты елорда әкімдігі жоққа шығарды.
«Желіде елордада Қазақстанның наразылық білдірген қалаларының тұрғындары үшін визалық режим енгізілетіні туралы жалған ақпарат таратылуда. Астана әкімдігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат тарату ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады», – делінген Астана әкімдігінің хабарламасында.
Айта кетейік, таралған ақпараттың көзі – Qaznews24 сатиралық Instagram-аккаунты.
Парақшаның профилінде шынайы емес, ойдан шығарылған жаңалықтар жарияланатыны жазылған.